Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: Биыл апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды білім ордалары 19-дан  14-ке  азаяды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап үшінші мегаполистегі жаңа оқу жылына дайындық барысы бойынша ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында биыл 742 білім беру мекемелері тарапынан 320 мыңға жуық оқушы қамтылатындығына тоқталды, – деп хабарлайды шаһар басшысының баспасөз қызметі.

Биыл 13 мектептің (6 жаңа, 7 қосымша) және екі өнер мектебінің құрылысы жүруде. Оның ішінде 5 100 орындық  8 мектептің (4 жаңа, 4 қосымша) және 300 орындық 2 өнер мектебі пайдалануға беріледі. 2021 жылға 5 мектеп (2 жаңа, 3 қосымша) құрылысы өтпелі. Нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан  14-ке  азаяды. Қазіргі таңда, білім мекемелерінің дайындығы арнайы құрылған комиссиямен қабылдануда. Қыркүйектің біріндегі жаңа оқу жылы жалпы қашықтан оқыту форматында  басталады. Ал, 14 940 бастауыш сынып оқушылары үшін ата- аналарының өтініші негізінде қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, 996 кезекші сыныптар ашылады. Мектептер «Bilim Iand» интернет платформасында қашықтан оқытуға толығымен дайын. Компания тарапынан Шымкент қаласына сервер орнату «Қазақтелеком» АҚ арқылы қамтамасыз етілуде. 

Жаңа оқу жылында мектепке 222 мыңнан астам оқушы келетіндігі күтілуде. Оның ішінде, бірінші сыныпқа жоспарланған 24 169 оқушының, 20 775-і (86%) электронды форматта қабылданды. Бүгінгі күні компьютерлер саны  20 201-ді құрап отыр. Шілде айында 10 975 дана компьютер сатып алынды. Мемлекеттік бюджет есебінен қажеттілікке байланысты қосымша 36 мыңға жуық компьютерлік құрылғылар алу жоспарлануда. Қашықтан білім беру жағдайында, 222 050 оқушының 35%-на (77 698 оқушы яғни, 41 900 – компьютерге мұқтаж, 35 798-і әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балалары)  компьютер  және интернетке деген тапшылық анықталды.  Білім ұйымдарындағы компьютерлерді уақытша беру арқылы қамту қолға алынады, – деді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.

Білім мекемелері толығымен интернет желісіне қосылған. Қазіргі таңда, қала сыртындағы елді мекендерде және білім ұйымдарында интернет желісінің жылдамдығын 8 Мб/с – 12 Мб/с-қа дейін ұлғайту бойынша арнайы тапсырма беріліп жұмыстар жүргізілуде. Білім берудің деңгейлері: балабақшаларда ата-аналардың қалауы бойынша өтініші негізінде балаларды кезекші топтарға қабылдау ұйымдастырылып, топтағы бала саны 15 тен аспайды; қосымша білім беру ұйымдарында бес баладан аспайтын шағын топтардағы үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алады; арнайы білім беру ұйымдарында денсаулығында күрделі проблемалары бар балаларды қабылдау алдын-ала жазылу тәртібімен жеке жүргізіледі. Қаладағы жалпы отыз колледжде қашықтан оқыту «Smart Nation College» интернет платформасында жүзеге асырылады. 

Мұрат Әйтеновтің мәлімдеуінше білім беру процесі педагогикалық, ІТ, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттардағы мамандықтар толық қашықтан, технологиялық – аграрлық медициналық, өнер бағыттары аралас оқытылады. Яғни, зертханалық жұмыстар мен өндірістік тәжірибені штаттық режимде жүргізілмек. Білім және ғылым министрлігі тарапынан тиісті нормативті-методологиялық құжаттар қабылданғаны еске салынды. Бұл – ҚР Денсаулық сақтау министрінің карантин кезеңінде білім беру мекемелеріне қойылатын талаптары; оқу процесін ұйымдастыру, қашықтықтан оқыту кезіндегі оқушыларға арналған оқу тапсырмаларын оңтайландыру бойынша әдістемелік нұсқаулар; педагогтердің ІТ құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар.

Уақытша мерзімге қабылданған бұйрықтардың да маңызы ерекше. Олар – мектепке қабылдау құжаттарының тізімінен медициналық анықтаманы алып тастау; карантин кезеңінде міндетті мектеп формасын талап етпеу; қашықтан оқыту кезеңінде бағалау жүйесіне өзгеріс ендіру; қашықтан оқыту технологиясын қолдану. Қашықтан оқыту жүйесінің негізгі бағыттары бойынша шілде айында 800-ден астам мектеп әкімшілігі мен 4000-нан аса педагог курстан өтті. Тамыз айында балалар үшін бірыңғай сынып сағаттары, ата-аналар үшін бірыңғай дәрістер, 17 184 мұғалім ІТ құзыреттілік курстарынан өтеді. Тамыздың 17-інен бастап, балалардың білімін диагностикалау,  ата-аналар өтінішімен қашықтықтан оқыту сабақтары басталады. Білім күнін онлайн режимінде ұйымдастырып, көпшілік іс-шараларды тоқтату жоспарлануда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий