Ерлан Қарин: Білім және ғылым министріне Ұлттық кеңес мүшелері көптеген өзекті де өткір мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, өз пікірлерін жеткізді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен Ұлттық кеңес мүшелерімен онлайн форматта талқылауы ұйымдастырылды.  Күн тәртібіндегі негізгі мәселе мамыр айында өткен Ұлттық кеңестің үшінші отырысында Президенттің берген тапсырмалары мен кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстардың жүзеге асырылуы болды, – деп жазады ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Аталған 3-і отырыстың нәтижесі бойынша, 30 пунктіден тұратын жоспар қабылданған болатын. Міне, осы жоспардың орындалуы бойынша, әрбір ұсыныс қалай қаралып, қандай шешім қабылданып, қалай жүзеге асып жатқаны бойынша министр арнайы ақпарат берді. Яғни, бұл кездесу мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері арасында кері байланыс орнатудың жақсы үлгісі болды. Әдетте мемлекеттік органдар қоғам белсенділермен кездесу өткізіп, сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдаса да, көп жағдайда сол айтылған ұсыныстар қалай қабылданып, қалай жүзеге асып жатқаны бойынша ақпарат бермейді.

Сондықтан, бұл кездесу Ұлттық кеңес мүшелеріне Білім және ғылым министрлігінен екі ай бұрын өткен жиын барысында көтерген өз ұсыныстарына қатысты нақты жауап алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Ұлттық кеңес мүшелері Канат Ильич Нуров, Гульмира Илеуова, Асылбек Қожахметов, Айгүл Орынбек, Арман Кашкинбеков, Мұхтар Тайжан және Ерлан Сарин министр мырзаға жұртшылықты алаңдатып жүрген көптеген өзекті де өткір мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, өз пікірлерін жеткізді. Жиын аяғында, белгілі бір уақыт өткеннен кейін талқылауды тағы ұйымдастыру бойынша шешім қабылданды. Жалпы, Ұлттық кеңес мүшелерінің орталық мемлекеттік билік органдарының басшыларымен кездесу практикасы жалғасатын болады. Үкіметпен министрлердің Ұлттық кеңес мүшелерімен осындай талқылауларды тұрақты өткізу бойынша жоспар қабылданды. Келесі аптада Ұлттық кеңес мүшелерінің экология министрі Мағзұм Мырзағалиевпен онлайн форматтағы талқылауы өтеді.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий