Қысқа дайындықты жазда бастайды…

Аймақтағы білім беру ұйымдарында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда. Он тоғыз мекемеде жылу жүйелерін жөндеу, 30 ұйымдағы 37 қазандықты ауыстыру және жөндеу, түтін құбырлары мен сорғыларды ауыстыру, 61 қазандық ғимаратын жөндеу және басқа да жұмыс түрлері жүргізілуде, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.


Мысалы, Біржан сал ауданында Абай атандағы №2 ОМ, Донской ОМ, Кенашы ОМ және басқа да білім беру нысандарын күзгі-қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындау аясында жаңа оқу жылында қазандықтарын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Абай атындағы №2 орта мектебінде жылу трассасын жөндеу бойынша жұмыстары орындалды. Баймырза негізгі мектебінде блокты-модульдік қазандық орнатылды.

– Біздің мектепте жылу трассасы мен жылыту қазандықтары ауыстырылды. Жұмыстар мерзімінде және тиісті деңгейде орындалды” – дейді Степняк қаласындағы Абай атындағы №2 мектеп директорының міндетін атқарушы Руслан Абуов. Сондай-ақ, жылыту маусымына дайындық үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен аудандармен 11 қазандықты шығаруға шарттар жасалды, оның ішінде алты ұйым бойынша жұмыстар аяқталды. Айта кетейік, облыстың жеті аудандарында білім беру ұйымдарының 293 қазандығы «Орталық жылу тарату компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мамандандырылған ұйымының сенімді басқаруында.

Бұл жылу беру сапасын едәуір жақсартуға, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшыларынан оларға тән емес функцияларды алып тастауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ алдағы жылыту маусымына отын дайындау жүргізілуде. Қазірдің өзінде мектеп қазандықтарында қажетті үш айлық отын қоры құрылды. Қыс жақындап келе жатыр, сондықтан осы уақыттан бастап білім беру мекемелерін алдағы жылыту маусымына дайындау бойынша барлық шараларды жұмылдыру және қабылдау қажет.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий