“Жазғы бенефис – 2020”: Шарбақтылық шәкірттердің шығармашылығы

Шарбақты ауданының «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығы тұрмыстық қалдықтардың көбейіп кетуіне және экологиялық мәселелердің алдын алу, балалардың экологиялық мәдениетін жоғарлату мақсатында “Жазғы бенефис – 2020” бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған, қашықтықтағы «Аула квесті» ландшафтты дизайн жасау байқауында бақтарын сынады, – деп хабарлайды Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Сайысты ұйымдастыру ережелері мен шарттары WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы аға тәлімгерлерге жіберіліп, балалардың дайын жұмыстары да осы қосымша арқылы қабылданып отырды. Іс-шара өту барысында 1-6 сынып оқушылары аула, бақша, жеке учаскелерінің креативті түрде безендіріп, түрлі жұмыстарымен қуантты. Жұмыстарды асқан шығармашылықпен,табиғатқа зиянын келтірмей, қатты тұрмыстық қалдықтардан жасады. Қатысушылар алғыс хаттармен дипломдармен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий