Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі: Мектебі жоқ 69 шалғай жатқан елді мекеннен оқушылар тасымалдау үшін 71 жаңа заманауи автобус сатып алуға бюджеттен 940,6 миллион теңге бөлдік

Алматы облысында мектебі жоқ 69 шалғай жатқан елді мекеннен оқушылар тасымалдау үшін 71 жаңа заманауи автобус сатып алынуда. Биылғы жылы бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 940,6 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы аймақ басшысы Амандық Баталов жаңа оқу жылына дайындық барысына арналған брифинг барысында айтты, – деп хабарлайды өңір жетекшісінің баспасөз қызметі.  

Бүгінгі күні жоспарланған автобустардың 61-і сатып алынды. Атап айтқанда, 5-еуі Ақсу ауданына, 10-ы –  Еңбекшіқазақ, 5 – Жамбыл, 11 – Іле, 11 – Қарасай, 6 – Кеген, 2 – Райымбек, 10 – Талғар аудандары мен 1-еуі Талдықорған  қаласына сатып алынды. Қалған 10 автобус тамыз айының соңына дейін алынады. – Балаларды тасымалдауға озық үлгідегі, орындықтары жайлы, ішінде камерасы орнатылған, нағыз заманауи автобустарды сатып алдық. Олардың сыртын біркелкі түскен боятып, арнайы логотип салғыздық. Енді бұл жаңа автобустар балалардың игілігіне қызмет ететін болады, – деді Амандық Ғаббасұлы. 

Жетісу өлкесіндегі аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балаларды компьютерлік техникамен қамтамсыз ету мақсатында қосымша 75,6 мың компьютер сатып алынып, уақытша пайдалануға берілетіндігін білдік. Қазір сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін 12,5 млрд. теңге қаралған. Оған қосымша мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында 5 млрд. теңгеге 20 мың компьютер сатып алынады.  – Оқушылар мен мұғалімдердің компьютерлік құралдарға қажеттілігіне, сонымен қатар, интернет желісі тартылған елді мекендерге қатысты да мониторинг жүргізілді. Облыста компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген оқушылар үлесі 61%, яғни 242,7 мың оқушыМектептердегі 23 678 компьютер балаларға уақытша пайдалануға беріледі, – деді облыс әкімі.

Жалпы облыс бойынша 91 743 оқушыға компьютерлік құралдарға қажеттілік бар.  Осыған сәйкес, аталған мәселені шешу үшін аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балаларды компьютерлік техникамен қамтамсыз ету мақсатында қосымша 75,6 мың компьютер сатып алынып, уақытша пайдалануға беріледі. Сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін 12,5 млрд. теңге қаралды. Қосымша мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында 20 мың компьютер сатып алынадыОблыс әкімінің айтуынша, меценаттар да көмек көрсетуге ниет білдіруде, мәселен «Жас архитекторлар мен құрылысшылар» қоғамдық қоры облыстың аз қамтылған отбасылардың балалары үшін 150 компьютер құралдарын тегін береміз деп отыр. Осындай қабылданған шаралар нәтижесінде жаңа оқу жылында облыс оқушыларын компьютермен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілетін болады.

Алматы облысында жаңа оқу жылында оқушы саны өткен жылмен салыстырғанда 16,6 мың балаға өсіп 426 мыңнан асып отыр. Ал 1 сыныпқа 48 мың бала қабылданады. Облыс басшысының айтуынша, эпидемиологиялық жағдайға байланысты балаларды төрт бағытта оқыту жоспарлануда. Бірінші, оқушылардың 70% немесе 299 653 оқушы білім беру платформасы интернет желісі арқылы жүргізіліп, оқумен қамтылатын болады. Екінші, 20% немесе 84 471 оқушы «Аль-Фараби», «Еларна» республикалық телеарналары мен облыстық «Жетісу» телеарнасы арқылы білім алады. Үшінші, шалғайдағы елді мекендердегі шағын жинақталған 138 мектепте санитарлық талаптарға сәйкес, екі ауысымда (15 баладан)  7721 немесе 2% оқушы  штаттық режимде оқиды.  Төртінші, бастауыш сынып оқушылары, ата-аналардың өтініші негізінде болжаммен 5214 кезекші сыныптарда 34 792 (8%) бала білім алатын болады.

 – Штаттық режимде білім беретін мектептерде қатаң санитарлық талаптар сақталуы тиіс. Кіре берістерде залалсыздандыру төсеніштері,  тепловизор, санитайзер және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатқа 226,9 млн. теңге қаралып отыр, – деді А. Баталов. Алматы облысында 41 625 педагог жұмыс істейді, олардың барлығы компьютерлік техникамен қамтылған, 40 165  мұғалім немесе 96,4% интернетке қосылған, 3,6% қосылмаған. Бұл мәселені толық шешу үшін тиісті байланыс мекемелерімен бірігіп жұмыс жүргізілуде. 

– Цифрландыру бүгінгі даму процесіне ерекше әсер етіп отыр. Бұл талап бүгінгі жағдайда барлық салаға енгізілуде. Соның ішінде білім беру саласы да бұл жұмыстан тыс қалған жоқ. Bilimland.kz сандық ресурсы облыстағы 737 (97%) мектепте қолжетімді. Кең жолақты интернетке 752 (98%) мектеп, «Күнделік» жүйесіне 704 (95%) мектеп қосылған, – деді Амандық Баталов. Облыс әкімінің айтуынша, 732 елді мекеннің 19-ында  интернет желісі жоқ, ондағы мектеп жасындағы 886 баланың 730-ы телеарна арқылы, қалған 156 бала штаттық режимде оқытылатын болады. «Қазақтелеком» АҚ арқылы 98 мектепте интернет жылдамдығын 4 Мбит-тен 8 Мбит-ке  дейін ұлғайтылмақ. Сондай-ақ, интернет желісіне қосылу үшін оқушыларға 43 мың роутерлар сатып алу жоспарланып отыр. Жалпы Алматы облысында жаңа оқу жылында балаларды компьютер және интернет желісімен қамту мәселелерін шешу үшін барлық жағдай жасалуда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий