“Дарындар толқыны”: Оқушылардың шығармашылық байқауы

Тереңкөл ауданы оқушылар үйінің әдістемелік бөлімі “Дарындар толқыны” атты балалар шығармашылығының аудандық қашықтық фестивалін ұйымдастырды, – деп хабарлайды Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Фестиваль төрт номинация бойынша өтті: асфальтта сурет салу байқауы, вокалдық өнер, би жанры, ауданда ұлттық мәдениетті дамыту мақсатында белсенді жас домбырашылар арасында “Қасиетті домбыра”байқауы өткізілді. Барлық қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Байқауға Тереңкөл ауданының 19 мектебі қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздары мен дипломдармен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий