“Ұршық иіру”: Ақтоғайлық оқушылардың онлайн шарасы

Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды игерту, ұлттық қолөнерге, қазақ халқының мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұршық көне затының тарихын білу және иіру тәсілдерін үйрету, салт-дәстүрімізді жаңғырту мақсатында Ақтоғай ауданының Жалаулы орта мектебінде «Ұршық иіру» іс шарасы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ауыл тұрғыны Әже ұршық иіру тақырыбында онлайн режимінде шебер сабақ өткізді. Әңгіме арасында алтынқол әже ұршық иірудің қыр-сырын көрсетті. Оның айтуынша, жіп иірудің екі түрлі құралы бар. Бірі – ұршық болса, екіншісі – аяқпен айналдыратын жіп иіруіш. Сондай-ақ жүн иірудің де екі әдісі бар екен. Бірі – шүйдені сол қолдың сыртына іліп қойып иірсе, келесі – шүйдені жоғарғы үйдің қабырғасына іліп қойып иіру.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий