Екібастұздық энергетиктер мектеп оқушыларына көмек көрсетуде

Екібастұз қаласының №9 мектебінің мұқтаж отбасыларына Құрбан айт мерекесінде елу азық – түлік жиынтығын ГРЭС-1 станциясының қызметкерлері тапсырды. Оқушылар мен олардың ата-аналарына қайырымдылық көмек энергетиктер үшін жақсы дәстүрге айналған, – деп хабарлайды Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

– Мектептің алғашқы жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін ГРЭС-1 станциясының және №9 мектептің ұжымдары көп жылдық достық пен ынтымақтастықты байланыстырады, – деді мектеп директоры Талғат Төлегенұлы Ахметов. – Жыл сайын “Мектепке жол” республикалық акциясы аясында ГРЭС-1 станциясының ұжымы мұқтаж балаларды мектеп және спорт формасымен, кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етеді. Құрбан айт мерекесіне орай аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға қайырымдылық көмек көрсету игі дәстүрге айналған.

Биылғы жыл да ерекшелік емес. Станция қызметкерлері – бас директор Ернұр Еркінұлы Жиенбаев, кәсіподақ комитетінің төрайымы Татьяна Александровна Чигвинцева, қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер Шынар Төлегенқызы Далбаева бастаған ұжым 50 отбасына азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетті. Педагогикалық ұжым, оқушылар мен ата-аналар атынан Талғат Төлегенұлы станция ұжымына балаларға үнемі көңіл бөліп, көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий