Қызылорда облысы: Қаратереңдік оқушыларға – жаңа көлік берілді

Жыл басында аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың халық алдындағы есебі кезінде Қаратерең жұртшылығы оқушылар тасымалдайтын автокөліктің жағдайы қиындық тудырып тұрғанын айтқан болатын. Соған байланысты елді мекен тұрғындары осы мәселені шешіп беруді сұраған еді, – деп жазады Қызылорда облысы Арал ауданының “ТОЛҚЫН” газеті.


Бүгінде халықтың сұрауы қанағаттандырылып, қаратереңдіктер бұл қиындықтан шығатын болды. Су жаңа «ПАЗ 32053-70» маркалы автобусы аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға аудандық білім бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алудың тәртібіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі «Sky Motors» серіктестігі арқылы сатып алынып, балалардың игілігіне берілді. Аудан басшысы автобустың кілтін аудандық білім бөлімінің жетекшісі Санира Жанназароваға табыс етті. Айта кетейік, бұл білім ордасының қабырғасында ауыл балаларымен қатар көршілес елді мекендерінің оқушылары білім алады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий