Ертіс ауданының оқушылары омбылық оқушыларға қазақ тілін үйренуге көмектесуде (бейне жазба)

Ертіс ауданының Северный мектебі бірнеше жыл бойы Ресей Федерациясының мектептерімен жұмыс істеп келеді. Жазғы  демалыс кезіндегі жаңашыл жобалар – бұл балалар үшін ең жақсы естеліктерге айналары анық, – деп хабарлайды Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

Жыл сайын жазда Омбы облысы Нововоршавский ауданының Ермаковка орта мектебінің кадет сыныбының оқушылары мен Омбы қаласының № 97 мектебінің оқушылары «Сарбаз» әскери-патриоттық лагеріне қатысып, «Бір күн қалада, бір күн ауылда» жобасы аясында Северное ауылына барады. Ал биыл елдегі эпидемиалогиялық жағдайға қарамастан мектептер арасындағы достық нығая түсті. Шекара қоғамдастығының аясында Омбы Ертіс өңірінің қазақ ұлты балаларына арналған Северный орта мектебі қашықтық режимінде «Ана тілін үйде үйренеміз» жобасын жүзеге асырды. Қазақ тілі мұғалімдері қашықтан тілдік лагерь бағдарламасын, видео сабақтарын жасады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий