Абай портретінің алып пазлында жамбылдықтардың да үлесі бар

Ресей астанасы – Мәскеу қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні аталып өткен еді. 175 жылдық мерейтой аясында Абайдың портреті бейнеленген алып пазл құрастырылғаны белгілі, – деп хабарлайды Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Пазлды «Жамбыл дарыны» орталығындағы және Нұр-Сұлтандағы ЮНЕСКО мектебінің балалары әзірлеген. Иллюстрацияны құруға барлығы екі жүзге жуық сурет іріктеліп алынған. Әрқайсысында ақын шығармаларының сюжеті бейнеленген. Айта кету керек, облыстық «Жамбыл дарыны» орталығы аталған акцияның ұйымдастырушыларының құрамында болып, Абай мерейтойының көрші елде тойлануына ықпал етті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий