“Абай оқуларының” үздігі шымкенттік зияткерлер

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қос бірдей оқушысы «Абай оқулары» байқауында жүлдегер атанды. ХХІ республикалық “Абай оқулары” сайысының қалалық іріктеу кезеңінде бағын сынаған 11-сынып оқушылары Нұршарып Данияр мен Омар Дәурен жүлделі І және ІІ орынды қанжығалады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

«Дарын» орталығы ұйтқы болған шара ойшыл, филосов Абай Құнанбаевтың туған күніне орай жыл сайын ұйымдастырылатын. Биыл да әдеттен озбай, дәстүрден таймай Абай ізбасарларын анықтау шарасы өтті. Тек карантиндік шектеулерге байланысты үміткерлердің өнерін қашықтықтан тамашалап, қазылар алқасы онлайн түрде бағасын берді. Үміткерлер Абай мен Шәкәрімнің шығармаларын жаттап, мәнерлеп оқудан өзара сынға түсті. 8-11 сынып оқушылары арасында «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» , «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Ұлылар әлемі» сынды алты аталым бойынша өз қабілеттерін сынап, қарымын байқатты.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша өзінің авторлық шығармасын ұсынған Нұршарып Данияр бірінші орынға лайық деп танылып, Семей қаласында өтетін республикалық сында мектеп абыройын көтермек. «Егер біз өзімізді танығымыз келсе , Абай шығармаларын танысуымыз керек. Ал мені тәнті еткен Абай Құнанбаевтың «Ескендір», «Масғұт» және «Әзім әңгімесі» поэмалары. Алайда «Әзім әңгімесінің» поэмасының соңы аяқталмағаны, аяқталса да жоғалып, қағаз бетіне түспегені мені ойландырды. “Абай оқулары” байқауына қатысарда өз шабытымды қайрай отырып, «Әзім әңгімесі» поэмасын жанымнан туған өз ұйқастарыммен аяқтап көрдім.

Бағым жанып жүлделі бірінші орынға ие болдым. Жалпы, бұндай байқаулар мәдени мұрамыз-ақындық өнердің дамуына зор үлесін қоспақ». Ал Омар Дәурен үздік үштіктің екінші сатысына тұрақтады. Байқауға «Абайға арнау» шығармамен қатыстым. Жүлделі екінші орынға ие болдым. Өте қуаныштымын. Ес білгелі Абай шығармашылығымен жақын таныс болғандықтан Хакімге өлең арнау маған қиындық туғызбады. Бағындырар белестерім əлі алда екеніне сенімдімін». Абай Құнанбайұлының 178 жылдық мерейтойына үлкен тарту жасап, жағымды жаңалықпен қуантқан қос жеңімпазды жүлдесімен құттықтаймыз! Алдағы республикалық сынақта да сүрінбей, Абай Құнанбаевтың шығармашылығын дамытуда үлес қоса берулеріне тілектеспіз!!!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий