Жақсыбек Құлекеев, профессор: Экология тақырыбында балаларға арналған қазақша оқулық қажет

– Ең алдымен «Экология пәнін енгізген дұрыс па әлде барлық пәнді экологияландыру керек пе?» деген сұраққа жауап беруіміз керек. Ресей экология туралы бір ғана оқулық шығару туралы шешімді әлі қабылдаған жоқ, себебі ол өте қиын шаруа. Мысалы, бұл пәнді жоғары сынып оқушыларына өткізбек болған, бірақ бұл кезде оқушылар колледжге кете бастайды. Сондықтан барлық пәнді экологияландыру тиімді сияқты. Екіншіден, экомектеп, экобалабақша, экожоғары оқу орындарын ашатын болсақ, оған қойылатын талап қандай болатынын жыл соңына дейін анықтауымыз керек, – дейді экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Жақсыбек Құлекеев.

Оның айтуынша, Қазақстан балаларға, соның ішінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқулық, танымдық кітап шығаруға назар аударғысы келмейді. – Тіпті ондай оқулық шығарған күннің өзінде ол жоғары сынып оқушыларына арналған болады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларына арналған экология тақырыбына қатысты қазақ тілінде оқулық болуы керек. Сондай-ақ, осы тақырыпта мультфильмдер түсірілуі керек. Егер оны жазу не түсіруге әлеуетіміз жетпесе, танымдық кітап, мультфильмдер топтамасын жинап, оны мемлекеттік тілге аудару керек, – дейді ол. Ол қазіргі уақытта қосымша білім беру, баланы дамыту орталықтары көп болғанмен, атына заты сай емес екенін айтты.

– Мұндай жердің табалдырығынан бастап танымдық мәні болуы керек. Одан бөлек, экологияға балалардың, ересектердің көзқарасы қандай екенін білу үшін ғылыми, әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентке экомектеп, экосаябақ салып көру керек. Тіпті экосаябақ салуға болады. Ал Нұр-Сұлтанда тіпті зоосаябақ жоқ. Осы аталғандар салынса өзге өңірлерге де үлгі, идея болушы еді, – деді пікірталас барысында мемлекет қайраткері, ғалым Жақсыбек Әбдірахметұлы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий