Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері

Жаңа оқу жылына дайындық барысында және тамыз мәслихатына орай мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің облыстық секциясы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн режимінде ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жұмысқа облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының 78 педагогы қатысты. Бұл секциялық жұмыс мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі нормативтік-құқықтық актілердегі жаңалықтарды түсіндіру, өзекті мәселелерді талқылау және мектепке дейінгі ұйымдардың даму перспективаларын айқындау, облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының педагог қызметкерлерінің құзыреттілігін арттыру, қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, мектепке дейінгі ұйым мен мектептің өзара іс-қимылының негізгі қағидаттарын әзірлеу мақсатында ұйымдастырылған.

Секция жұмысының қатысушыларына арнап білім басқармасына қарасты облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Құрманғалиева Ләззат Сұрағанқызы құттықтау лебізін білдірді. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының секция жұмысында сөз сөйлеген білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Олжас Оралұлы Қайырдосов; Бурабай ауданы, Бурабай ауылы, Сәкен Сейфуллин атындағы ОМ даярлық топтың тәрбиешісі Липовая Елена Ленонидовна; Ақкөл ауданы № 2 балабақша әдіскері Ольга Николаевна Сенчило; Көкшетау қаласы, № 20 “ZEREK” балабақша тәрбиешісі Азамат Әйгерім; Степногорск қаласы, № 4 “Арман” балабақша әдіскері Наталья Юрьевна Третяк; Сағындықова Толқын Тұрсынқызы, Көкшетау Қ. №17 ОМ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Тақырыптық алаңның соңында пікір алмасылып, педагогтар мектепке дейінгі білім берудің негізгі бағыттарын, проблемалары мен даму тенденцияларын талқылады. Тақырыптық алаң жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий