Биылғы жаңа оқу жылында ұстаздар мен шәкірттер жалпы есептегенде 33 күн демалады

Биылғы оқу жылында оқушылардың қай күндері мезгілдік демалысқа шығатыны жарияланды. ҚР Білім және ғылым министрі орта білім беру ұйымдарындағы 2020-2021 жылдарға арналған оқу жылының басталу күндері, оның ұзақтығы мен демалыс кезеңдерін бекітті, – деп хабарлайды осы салалық министрліктің баспасөз қызметі.

Жалпы тәлімгерлер биыл оқу жылында 33 күн демалады. Сонымен, министрдің бұйрығы бойынша 1-11-сынып оқушылары күзде 5 қарашадан 14 қарашаға дейін демалады. Қыста 11 күн. Яғни, демалыс 31 желтоқсанда басталып, 10-шы қаңтарда аяқталады. Көктемгі каникул 12 күнге созылады. Айта кетейін, 1-сынып оқушылары үшін қосымша жеті күн демалыс бар.

2020-2021 оқу жылына арналған демалыс кезеңдері 1-11 сыныптар үшін: КҮЗДЕ – 10 күн (2020 жылдың 5 қарашасынан 14 қарашасына дейін, соңғысын қосып алғанда). ҚЫСТА – 11 күн (2020 жылғы 31 желтоқсаннан 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін, соңғысын қосып алғанда). КӨКТЕМДЕ – 12 күн (2021 жылдың 20 наурызынан 31 наурызға дейін, соңғысын қоса есептегенде). Бірінші сыныпта: қосымша демалыс бар – 7 күн (2021 жылдың 8 ақпанынан 14 ақпанға дейін, соңғы күнді қоса есептегенде)

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий