Еңбек министрлігі биыл оқуға түсе алмаған 20 мың жасқа кәсіптік білім бермек

Биыл ұлттық бірығай тестілеу нәтижесінде оқуға түсе алмай қалған аз қамтылған немесе көпбалалы отбасылардан шыққан 20 600 балаға кәсіптік білім беріледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов айтты, – деп хабарлайды осы салалық министрліктің ресми сайты.


Қыркүйек айында ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарын тапсыра алмаған 20 мыңнан астам талапкер жұмысшы мамандықтары бойынша ақысыз кәсіптік-техникалық оқуға жіберіледі. Білім беру саласындағы 80 жаңа объект авариялық және үш ауысымды мектептер, ауылдық жерлерде білім алуға қолжетімділік проблемаларын шешумен қатар, мұғалімдерге 10 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын ұсынады, – деді ол.

– «Еңбек« бағдарламасына байланысты қазіргі таңда 176 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр. Президентіміздің тікелей тапсырмасына сәйкес, бағдарламаға қосымша 50 млрд теңге бөлінді. Бағдарламаның бірінші бағыты оқу мәселесін қамтиды. Әрине, біз өзіміздің азаматтарымызды кәсіптік біліммен қамтамасыз етуіміз керек. Бүгінгі күні аз қамтылған немесе көпбалалы отбасылардан шыққан балалар ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары оқу орнына түсе алмай қалса, біз оларға кәсіби білім беру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беретін боламыз. 1 қыркүйектен бастап іске асады. 20 600 адам қабылдады, – деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бағдарламаның келесі бағыты қысқа мерзімді оқытуды көздейді. Бұл ретте 3-6 ай аралығында азаматтарға кәсіптік білім беріледі. Қазіргі уақытта 11 мың азамат оқуға жіберілген. Олардың 700-і оқуын бітірсе, 200-ден астам тұрақты жұмыс орнына орналасқан. Айта кетерлігі, кәсіптік білім алып шыққан бұл азаматтардың барлығы міндетті түрде жұмыспен қамтылатын болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий