Ақтөбе облысы: Мектептер жөнделіп жатыр

Жаңа оқу жылында Байғанин ауданындағы Бұлақтыкөл мектебі ел игілігі үшін пайдалануға берілмек. «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы және  «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектептердің жұмыстары аяқталуға таяу, – деп хабарлайды Ақтөбе облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

— Біздің ауданда «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасының арқасында 4 білім ордасы жаңартылып жатыр. Олар — аудан орталығындағы Қарауылкелді, №2 Қарауылкелді, №3 Қарауылкелді орта мектептері, сондай-ақ Жарқамыс ауылындағы мектеп ғимараттары. №2 Қарауылкелді мектебінің мердігері «Техно С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қалған үш мектептің жұмыстарына жауапты «СтройМастерКласс» серіктестігі. Жөндеу жұмыстары мамыр айында басталды. Келісімшартта көрсетілгендей осы айда аяқталуы тиіс. Бұл төрт жоба бойынша жалпы 58 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болатын. Оның жиырма сегізі жұмыспен қамту орталығы арқылы келгендер, — дейді аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанаргүл Өсербаева.

«Ауыл — ел бесігі» ауқымды жобасы аясында Қопа орта мектебі мен Т.Айбергенов атындағы орта мектептің ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізілуде. Екі білім шаңырағын жаңартуға жалпы 32 адам жұмылдырылған. Оның бесеуі  жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылыпты. – Ауданда жалпы жиырма үш мектеп бар. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында білім шаңырақтарының 75 пайызы жаңартылды. Күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін төрт мектеп қалды. Бүгінде олардың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп жатырмыз. Келесі жылы жаңарту жоспарланып отыр, — дейді Жанаргүл Өсербаева.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий