Тараздық зияткер еліміздегі алғашқы балалар смарт білезігінің авторы

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Мөлдір Айжарық өзінің өнертабысынf «Your friend» деген атау берді. Бұл кездейсоқ емес, өйткені білезік баланың адал көмекшісі және досы. Ол импульсті, температураны, сондай-ақ баланың геолокациясын қадағалай алады және бұл туралы ата-анаға хабарлама жібереді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

– Мен бұл бизнес-жобаны 11-сыныптан бастап Жусанбаева Әлия Мақтабекқызының жетекшілігімен экономика сабағында жасай бастадым. Қоғамның проблемаларын зерттей отырып, көптеген ата-аналар баласының денсаулығына жеткілікті уақыт бөле алмайтындығын байқадым, өйткені олар көп уақытын жұмыста өткізеді. Балалар қызба салдарынан қайтыс болған жағдайлар болды, өйткені ересектер олардың жағдайын байқамай қалады. Осыдан баланың денсаулығын бақылайтын және ата-анасына мәлімет жібере алатын смарт-білезік жасау идеясы пайда болды, – дейді Мөлдір.

Мөлдір Айжарық ZhasCamp Accelerator әлеуметтік жобаларды дамыту бағдарламасының түлегі. Осы бағдарламаның арқасында оқушы қыз өзіне тәлімгер тапты: ол қазақстандық ғалым және Technologies Lab бас директоры Тимур Рыспеков болды. Ментордың жетекшілігімен Мөлдір код жазып, құрылғының жұмыс прототипін жасап шықты. Алайда, жақында Apple дәл осындай мүмкіндіктері бар ақылды сағаттардың жаңартылған нұсқасын ұсынды. Содан кейін команда өз алдына өнімді бәсекеге қабілетті ету міндетін қойды. Олар білезікке газдың ағып кетуіне жауап беретін сенсор мен көру қабілеті нашар балаларға арналған заттар сенсорын қосты.

Сондай-ақ, жас ізденімпаз ойлап тапқан құрылғы пайдаланушы сенсорларды өз қажеттілігіне сай ауыстыра алатындығымен ерекшеленеді. Әзірге тек өндіріс пен жобаны одан әрі дамыту үшін инвестициялар тарту ғана қалады. Жоба үш жастан сегізге дейінгі балаларға арналған. Автордың айтуынша, олар осы жаста осал және көбінесе ата-анасының қарауынсыз қалады. Енді Мөлдір мақсатты аудиторияны кеңейтуді жоспарлап отыр: мүмкіндігі шектеулі жандар мен құтқарушыларды қамту. Қазір жас өнертапқыш бизнес-жоспар бойынша белсенді жұмыс істеуде, ал университетке түскеннен кейін әртүрлі мамандық студенттерінен жобалық топ құрғысы келеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий