Такир Балықбаев, Алматы аймақтық жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесінің төрағасы, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры: Праймеризге қатысудағы мақсатым адами капиталды дамытуға үлес қосу
Құрметті отандастар! Мен бүгін «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуға өтініш бердім. «Nur Otan» партиясының Төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың праймериз туралы бастамасы лайықты кандидаттарды таңдауға, Қазақстанның дамуы бойынша жаңа идеялар мен нақты жобаларды іріктеуге мүмкіндік береді деп ойлаймын, – деп жазады Алматы аймақтық жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесінің төрағасы, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Балықбаев Такир Оспанұлы фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
«Nur Otan» партиясы өз тарихында және елімізде алғашқы рет партия мүшелерін іріктеуді жаңа форматта – праймериз түрінде өткізеді. Бұл шешім қоғамның ең өзекті мәселелерін жан-жақты зерттеу, еліміздің, біріншіден өңірлердің дамуын талқылау, шешім қабылдау, сонымен қатар белсенді және бастамашыл азаматтардың жеке жауапкершілігін арттыру үшін маңызды. Мен Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат болу үшін праймеризге қатысамын. Менің мақсатым – ұлттық және қалалық деңгейде адами капиталды дамытуға өз үлесімді қосу. Адами капитал экономика мен мемлекеттің дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Білім мен мәдениет, адами капиталдың бөлігі ретінде, ұлттың рухани әлеуетін нығайтуға қызмет етуі керек. Еліміздің жетекші педагогикалық университетінің ректоры ретінде мен сапалы білім беруді, жаңа технологиялар мен оқыту әдістерін енгізуді мақсат етемін. Бұл жерде мен Алматыда білім беруді жақсарту мәселелері бойынша идеялар ұсынамын. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті бұл мәселелерді қазір де шешіп жатыр. Біз жастарға сапалы білім береміз, заманауи мұғалімдерді даярлаймыз, ал олар болашақта білімдерін қазақстандықтардың жаңа ұрпақтарына таратады.
Мұғалімдердің біліктілігін одан әрі жетілдіру маңызды деп санаймын, себебі білім өте тез жаңаруда. Олардың кәсіби біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруді, оқытудың жаңа орталықтарын, оның ішінде университет базасында құруды ұсынамын. Ересек азаматтарды қамтитын білім беру – бүгінде бұл мәселе толық шешілмеген, кейінге қалдыруға болмайды. Мен республикалық деңгейде басқарудағы мол тәжірибемді пайдалана отырып, қаланың өзекті мәселелерін шешудің жолдарын ұсынып, оны жүзеге асыруға қатысамын. Қала тұрғындарының, «Nur Otan» партиясы мүшелерінің ұсыныстары мен тілектерін барлық деңгейге жеткізіп, оларды шешуге қол жеткізе аламын деп сенемін.
Загрузка...