Сынып жетекшілерінің жаңа тәсілдерді іске асырудағы қадамдары

Білім беру ордасында оқытумен қатар оқушыларға тәлім-тәрбие беруде, маңызды жұмыстарды атқаруда мектептегі сынып жетекші ұстаздардың алар орны жоғары. Сондықтан, сынып жетекшілерге оқушылармен жұмыс істеудегі жаңаша әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру және бүгінгі күннің талабымен жұмыс істеу керектігі айқын болып отыр. 

Біздің білім шаңырағындағы оқыту мен тәрбие жұмыстарында жаңа тәсілдерді іске асырудағы қадамдарымызды әрбір оқу жылының басынан ұстаздармен, сынып жетекшілерімен бірлесіп, тәлімгерлік жоспарын жасау, тәлім алушыға бағыт-бағдар беру, сынып жетекшілермен бірлесе отырып коучинг жоспарын жасау және өткізу, сынып жетекшінің болашақ мақсатын түсінуіне көмектесу, даму мүмкіндіктерін анықтау үшін отырыстар ұйымдастырылады. «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы үш жылдан бері жұмыс жасауда. Осы қауымдастық аясында оқушылардың оқу кезіндегі тәрбиелік сынып сағаттары, сыныптан тыс уақыттағы үйірмелік іс-шаралар мазмұны ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы жаңаша деңгейге шығып отыр.

Ұлттық тәрбие негізін сақтай отырып ұлттық спорттық ойындар, қолөнер бұйымдарының жасалуы және насихатталуы, ән-өнерінің ұлттық тілде шырқалуы және аспаптарды ойнауға баулу, еріктілер жасағының үлкендерге көмек қолын созуы сияқты жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыстар атқарылуда. Мектебімізде ақпараттық құралдармен бірегей байланыс тұрақты жандануда. Атап айтқанда, робототехника кабинетінде сынып жетекшілер пән мұғалімдерімен сабақтаса отырып өз оқушыларымен сыныптан тыс уақытта жұмыс жасайды. Осының нәтижесінде оқушылар ғылыми тұрғыда тәрбиеленіп, болашаққа деген ұмтылыстарын айқындап, республикалық және облыстық сайыстарға қатысуы арқылы жоғары көрсеткішті ұстанып отыр. Сынып жетекшілердің осындай жұмыстары нәтижесінде еліміздің болашығына септігін тигізер ұрпақ тәрбиеленіп, оқушыларымыз биік белестерді бағындырады.

Раушангүл ОМАРОВА,
Ынталы жалпы орта білім беру мектебі
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий