Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті: Адамдар жоғары оқу орындары, колледж, мектептердегі жемқорлықты айтып шағымданады

Азаматтармен диалог орнату арқылы қоғам наразылығын туғызған түйткілді салаларды анықтауға болады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, – деп хабарлайды “АҚ ОРДА” ресми сайты.

– Азаматтармен диалог орнату арқылы сыбайлас жемқорлық белең алып, қоғам наразылығын туғызып жүрген түйткілді салаларды анықтауға болады. Адамдар бұрынғыша жоғары оқу орны, колледж, тіпті, мектептердегі сыбайлас жемқорлықты айтып, шағымданады. Жемқорлық азаматтарымыздың бойына сіңіп, тіпті, қоғамның қалыпты құбылысына айналып кетуі мүмкін. Басты мәселе – осы, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий