Мерейлі мәртебе: Ардагер ұстаздар құрметті демалыста

Жуырда облыс орталығындағы № 37 мектебінде көп жылдар білім саласында басшылық лауазымын атқарған мектеп директорлары Л.Белякова (№32 ЖОББМ), Т.Рудич №17 (ЖОББМ), Ұ.Тлегенова (№20 ЖОББМ), В.Ихсанова (№41 мектеп – лицейі) есімді ардагер ұстаздарды құрметті еңбек демалысына шығарып салуға бағытталған салтанатты шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысындағы Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі.

Басқосуға аймақтағы  білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев, Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова және шаһар әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысып, білім саласында абыройлы лауазымды қызмет адал атқарып, іскерліктері мен белсенді көшбасшылық қасиеттері арқылы зор беделді иеленген аға буын ардагер әріптестерге алғыстары мен ризашылықтарын білдірді. Облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев мәртебелі мерейге бөленген танымал тұлғаларға құттықтау лебізін жеткізіп, сауықтыру шипажайларына тегін жолдама мен гүл шоқтарын табыстады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий