Жамбылдық ұстаздар жалпы республикалық педагогикалық кеңеске қатысты

Жамбыл облысы білім басқармасының қолдауымен аймақтағы 442 мектепте жалпыреспубликалық педагогикалық онлайн кеңес ұйымдастырылды. Карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқыту ерекшеліктерімен педагогтарды хабардар ету мақсатын көздеген онлайн кеңеске 25 433 педагог қатысты, – деп хабарлайды облыстағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Педагогикалық кеңес барасында жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау, кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары, қашықтан оқыту жағдайында мұғалімнің жұмыс орны және ережелері, жаңа оқу жылындағы бағалау ерекшеліктері, қашықтан оқытуда қолданылатын білім беру платформалары туралы негізгі мәселелер талқыланды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий