Жаңа оқу жылының қарсаңындағы сынып сағаттары мен ата-аналар жиналысы

Бүгін еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты ұйымдастырылуда, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Жаңа 2020-2021 оқу жылында карантиндік шаралар жағдайында білім алушыларды оқыту форматтарымен таныстыру мақсатында «Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» тақырыбында еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. Сынып сағаты қашықтан өтеді, ал өткізу уақытын мектеп әкімшілігі бекітеді. Қалауы бойынша ата-аналар балаларымен бірге қатыса алады.

Сынып сағаты барысында сынып жетекшісі келесі сұрақтарды түсіндіреді: карантиндік шаралар кезіндегі оқыту форматтары; қашықтан білім алу барысында пайдаланылатын интернет-платформаның мүмкіндіктерімен танысу; мен және менің денсаулығым (гигиена негіздері, физикалық белсенділік); жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі; интернетте жұмыс істеу ережелері, ақпараттық қауіпсіздік.

Осы ретте айта кету қажет, кеше еліміз бойынша жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында республика аумағындағы барлық мектептер ата-аналар жиналысын ұйымдастырған болатын. Онлайн жиын барысында сынып жетекшілер оқушыларының ата-аналарына қазіргі эпидемиологиялық жағдайда мектептің қандай оқыту форматын таңдағанын түсіндірді.

Сондай-ақ бүгін балалары қашықтан оқитын ата-аналар үшін білім беру платформаларының мүмкіндіктері көрсетілді. Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігі қандай да бір білім беру интернет-платформасын таңдауға қатысты шешім қабылдамайды. Әрбір мектеп қашықтан оқытуды ұйымдастыруға негіз болатын интернет-платформаны өзі таңдайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий