Биылғы тамыз кеңесі “Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері” тақырыбында ұйымдастырылды

Бүгін түстен кейін педагогтер мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің “Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері” пленарлық отырысы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Тамыз мәслихатына қашықтан қатысушы Қазақстан Республикасы Преьмер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздің педагогтер қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес отандық білім мен ғылым саласын жаңа заман талаптарына сәйкес ілгері дамытудың басым бағыттарына тоқталды. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен оқу жылының қорытындысы туралы жан-жақты баяндап, алда тұрған негізгі мақсат пен міндеттерді ортаға салды.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі дәстүрлі тамыз кеңесін онлайн режимде ұйымдастыруға шешім қабылдаған болатын. Іс-шара ведомствоның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Тамыз кеңесі аясында өткен оқу жылының қорытындысы талқыланып, алдағы оқу жылына арналған міндеттер мен еліміздің білім және ғылым жүйесін дамытудың басым бағыттары белгіленді.

Cпикерлер ретінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова:«Көшбасшылық және қадір-қасиет» балалардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық кеңесінің төрағасы, балалар үйінің тәрбиеленушісі Әйгерім Тұрғанбаева; «Ел Үміті» бағдарламасының мектепке дейінгі білім беру жөніндегі тобының көшбасшысы, «Балаларды ерте жастан дамыту» мамандығы бойынша МА Гаухар Киікова;  Жоғары экономика мектебінің білім беру институтының ғылыми жетекшісі, Ресей Федерациясының өкілі Исак Фрумин; «Дана» жеке білім беру мектебінің құрылтайшысы Күләндә Батырбекова; Нұр-Сұлтан қаласындағы Политехникалық колледждің директоры Қасымхан Сенгазыев; Microsoft Қазақстанда және ТМД елдерінде білім беру секторымен жұмыс жөніндегі басқарушысы Жәнібек Нұрлан; Халықаралық бизнес университетінің президент-ректоры Дархан Ахмед-Заки; Назарбаев Университетінің химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасының ғалым-химигі Әсия Ермұхамбетова сөз сөйлеп, пайымды пікірлерін ортаға салды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий