Сырбойылық жүз зияткер түлек жоғары оқу орындарының грантын иеленді

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі түлектерінің жоғары оқу орындарына түсу көрсеткіші жүз пайызды құрады. Әлемнің және еліміздің үздік университеттерінің абитуриенттері атанған зияткерлердің 99,1 пайызы тегін оқу негізінде білімдерін жалғастыру мүмкіндігіне ие болды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Өткен жылдармен салыстырғанда биыл Назарбаев Университетінің білім гранттарын иеленгендердің саны артты. Еліміздің беделді оқу орнынан шақырту алған 42 түлектің жиырма екісі тікелей бірінші курсқа қабылданса, 20 дарынды жас Foundation бағдарламасына түскен. Оқуларын шетелде жалғастыруды жоспарлаған үш зияткердің бүгінде армандары орындалып, Америка мен Венгрия елдерінің білім гранттарын жеңіп алды. Айта кету керек, түлектердің басым бөлігі медицина, ақпараттық технологиялар, тау-кен ісі және экономика мен қаржы салаларындағы мамандықтарға қызығушылық танытқан.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий