Онлайн байқау: Бабалар мұрасын сақтаймыз және арттырамыз

Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы білім басқармасымен бірлескен түрде  “Рухани жаңғыру” бағдарламасының шеңберінде Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай “Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетанушылық сәндік қолданбалы шығармалардың онлайн байқауын ұйымдастырды, – деп хабарлайды аймақтық сала басқармасының баспасөз қызметі.

Көрменің мақсаты балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету, өзара жарыстыру арқылы қатысушыларға өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және танытуға мүмкіндік беру, көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмастыру болып табылады. Көрмеге Ақкөл, Астрахан, Аршалы, Атбасар, Біржан сал, Жақсы, Зеренді, Жарқайың, Сандықтау, Целиноград, Шортанды, Бурабай аудандарынан және Көкшетау, Степногорск, Нұр-Сұлтан қалаларынан барлығы 87 оқушы қатысты.

Балалардың жұмыстары жасалуының сан алуандылығымен және композициялық тәсілдерінің ерекшелігімен көзге түсті. Байқауға тегіс жұмыстармен қатар, көлемді-ауқымды шығармашылық жұмыстар ұсынылды. Байқау жұмыстарын құзіретті қазылар алқасы бағалады: Корнева Ольга Сергеевна – Азаматтық қорғаныс көпсалалық колледжінің педагогикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, мәдениет қайраткері, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, «Мәдениет қайраткері»; Захай Бибигүл – Ш.Уалиханов атындағы КММ-нің «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасының оқытушысы; Бакубаев Нұржан Қайыргелдіұлы – Көкшетау қ. құрылыс технологиялық колледжінің өндірістік оқыту шебері.

Қазылар алқасының шешімімен келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды: «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым» аталымындағы жүлделі бірінші орынға Атбасар ауданындағы балалар мен жасөспірімдер орталығының өкілі Лихолетова Екатерина иеленді. Екінші орын Туякова Шакира, Көкшетау қаласы, «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық-оқу әдістемелік орталығы». Үшінші орын – Неклюдова Виктория Көкшетау қаласы, №5 ОМ. «Табиғи материалдардан жасалған бұйым» номинациясында бірінші орын Арип Бекжан-Зеренді ауданы, Шағалалы ОМ; екінші орын Ахметов Елжан-Астрахан ауданы, Новочеркасская ОМ; үшінші орын Омурбекова Алина-Жақсы ауданы, Оқушылар үйі.

«Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар» номинациясында бірінші орын Искакова Аделя, Көкшетау қаласындағы IT мектеп-лицейі; екінші орын Редькина Александра, Сандықтау ауданындағы Лесная ОМ; үшінші орын Герлинг Глеб, Бурабай ауданындағы «Арман» МТОТЖЖО. «Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы» номинациясында бірінші орын Надеина Ольга, Біржан сал ауданындағы Степняк қаласының №1 ОМ; екінші орын Ержан Дильназ, Зеренді ауданындағы балалар шығармашылығы үйі; үшінші орын Коныр Айнур, Жарқайың ауданындағы Н.К.Крупская атындағы №1 ОМ.

«Матадан жасалған бұйымдар» номинациясында бірінші орын Турсумбаева Гаухартас, Жақсы ауданындағы оқушылар үйі; екінші орын Гордеева Антонина, Зеренді ауданындағы балалар шығармашылығы үйі; үшінші орын Мұрат Данагүл, Астрахан ауданындағы балалар және жасөспірімдердің шығармашылық үйі «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» номинациясында бірінші орын Тангатаров Максим, Зеренді ауданындағы БШҮ; екінші орын Момот Дарина, Аршалы ауданындағы БШО; үшінші орынндағы Тынысбек Мухамедали, Нұр-Сұлтан қаласындағы№2 ДБАОММИ. Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталған соң барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий