Жетісулық жаңашыл жастың жоғары жетістіктері

Омар Айсұлтан Жалғасұлы Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласындағы №28  IT-мектеп лицейінің төртінші сынып оқушысы. Ол 2011 жылғы наурыз айының 2-і күні Алматы қаласында дүниеге келген. Айсұлтан есеп шығаруға ерекше қызығушылығы алты жасынан байқалған, қабілеті ерекше, феноменальды бала.  Ата-анасы бала бойындағы дарындылықты дамыту үшін математика үйірмесіне берді, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Айсұлтан математика пәнін жақсы көреді. Түрлі мәсел және логикалық есептерді жеңіл, әрі тез шығарады. Математикадан басқа, Айсұлтан бағдарламалау, сурет салу, ракета модельдеу, астрономия, актерлік шеберлікпен айналысады. Сонымен қатар, спорттық гимнастика, музыка (фортепьяно), шахмат, шаңғы мен коньки тепкенді ұнатады. Кезекті халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанған Айсұлтаннан «Осы жетістіктеріңнің сыры неде?» – деп сұрағанда, ол: – Менің олимпиадаларға қатысуымның ең басты сыры, өзімнің қызықты есептерді шығарған кезде ляззат алуымнан, – деп жауап берді. Айсұлтан болашақта космонавт және бағдарламашы болуды армандайды.

Лицейдегі жетістіктері 2019 жыл (2 сынып) – «Шекарасыз МАТЕМАТИКА» VI Халықаралық көктемгі кезеңнің қола медаль жүлдегері (Алматы қ.); 2019 жыл (3 сынып) – «Шекарасыз МАТЕМАТИКА» VIІ Халықаралық күзгі кезеңнің алтын медаль жүлдегері (Алматы қ.); 2019 жыл (3 сынып) – 1-4 сынып оқушыларының «FIZMAT ELEMENTARY MATH OLYMPIAD International» қысқы математикалық олимпиаданың аймақтық кезеңінде І орын иегері (Алматы қ.); 2020 жыл (3 сынып) – «Шекарасыз МАТЕМАТИКА»  VI Халықаралық қысқы кезеңнің күміс медаль жүлдегері (Алматы қаласы); 2020 жыл (3 сынып) – «Шекарасыз МАТЕМАТИКА»  VIІ Халықаралық көктемгі кезеңнің күміс медаль жүлдегері (Алматы қ.).

2020 жыл (3 сынып) – «КЕНГУРУ – БАРЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКА» Халықаралық математикалық байқаудың І орын жүлдегері; 2020 жыл (3 сынып) – 1-4 сынып оқушыларының «FIZMAT ELEMENTARY MATH OLYMPIAD International» көктемгі математикалық олимпиаданың аймақтық кезеңінде ІІ орын иегері (Алматы қ.); 2020 жыл (3 сынып) – 2-4 сынып оқушыларының «Бастау» XII Республикалық математикалық турнирінде командалық І орынға ие болды; 2020 жыл (3 сынып) – International Mathematics Assessment for Schools (IMAS) Халықаралық олимпиаданың қола медаль жүлдегері; 2020 жыл (3 сынып) – «Шекарасыз МАТЕМАТИКА» VIІ Халықаралық турнирінің финалында алтын медаль жүлдегері.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий