Болам деген баланың бетін қақпа… тіпті жетім болса да!

Қазіргі таңда мемлекетімізде жетім балалардың дұрыс білім алуына жақсы жағдай жасалған. Оларды қорғайтын заң да бар, қаржы да жеткілікті бөлінуде. Әрине мұндай қамқорлық, қамкөңіл балаларымыздың сәл де болса жанына жылу сыйлайды. Кешегі өткен бабалар «Жетім көрсең, жебей жүр» деп өсиет қалдырған. Сондағы мақсат біреу – көңілі жарым балалардың жадырап жүруіне, жақсы өмір сүруіне қолдау көрсету. Бұл тұрғыда аймақтық адами әлеуетті дамыту басқармасы өңірдегі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған мектеп түлектерінің, әр қайсысының белгілі маман иесі болуына жәрдем етуде, – деп хабарлайды Түкістан облыстық салалық басқарманың баспасөз қызметі.

Биылғы жылы оңтүстік өңір бойынша жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың бітірушілер саны 140 болып танылды. Оның ішінде отыз екі бала «Балалар ауылының» бітірушілері. Аталған 140 оқушының елу бесі жоғары оқу орнында оқуға ниет білдіріп, ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарын тапсырған. Осы 55 оқушының отыз бесі өз білімдерімен грант иегері атанса, оның 20–сы талап етілген шекті балды жинап, университет ректорларының жеке гранттары иегері атанып отыр. Қалған 85 оқушыға кәсіптік-техникалық колледждерге таңдаған мамандығы бойынша жолдама берілетін болды. Мұндай мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтың жағымды тұсын айту, зор мақтаныш.

Өйткені, ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Бұл дегеніміз – олардың білімді де, білікті, зерек те зерделі болып өсуі біздің жарқын болашағымыздың кепілі деген сөз. Арнайы кәсіп иесі атанып, өмірде өз бағытын айқындауды мақсұт тұтқан жастардың арасында тоғызыншы сыныпты бітіріп, колледждерде оқуды жалғастыруды қалаған оқушылар саны 33 баланы құрап отыр. Міне бұл, білімге құштар жас ұрпақтың, мемлекетімізге  ертерек «пайдамыз тисін» – деп талпынуы. Бұл ретте, әрине, әр баланың жарқын болашағын қалайтын Ұстаздардың еңбегі үлкен.

Хакім Абайдың сөзімен айтсақ:
«…Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігің тап та, бар, қалан!»-деген ізгі тілек оларда….Иә, жетім қалған балалар мәселесі – қай уақытта болмасын әрбір мемлекеттің ең өзекті мәселесі. Бұл балаларға мемлекет тарапынан қаншама жағдай жасалынып жатса да, ата-ананың мейрімі жеткіліксіз. Ендеше, біздер қоғам болып ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды әркез қолдап, кішкентай болса да, жүрек жылуы мен мейірім сыйлайық.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий