Павлодар облысы: Абай Құнанбайұлының мерейтойына байланысты шаралар білім беру ұйымдарында жыл бойы жалғасады

Хакім данамыз Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-жоспары білім беру басқармасымен бекітілді. Аталған іс-шара жоспарын орындау мақсатында Павлодар облысының білім беру мекемелерінде шараларды түрлі форматта, әртүрлі платформалар  арқылы жүргізіліп, нәтижелері әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталды. 

Барлық орта білім беру ұйымдарында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы, қара сөздерін талдау бойынша дөңгелек үстелдер, сынып сағаттары ұйымдастырылды.  «Ұлы даланың ұлы ақыны –  Абай» атты ауқымды шара  барысында – Абайдың өлеңдерін үш тілде оқу, әндерін шырқау,  Абай шығармаларын сахнада көрсету, бұған қоса,  әлеуметтік желілерде іске асырылған #Абай175 “Қазаққа қара сөзге дес бермедім” челленджі жаһандық форматта жалғасын табуда. Сондай-ақ, Успен ауданының оқушылары мен мұғалімдерінің  қатысуымен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романының желісіне құрылған спектакль қойылды.

Білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы оқушылар мен студенттер арасында Абай шығармаларын насихаттау мақсатында «Ең үздік эссе» конкурсын ұйымдастырды. Конкурсқа 100-ден аса оқушы қатысуға ниет білдірді. Ең үздік эссе жазған облыстық көп салалы лицей интернатының оқушысы басқарма басшысының атынан арнайы сыйлық табысталды. Биылғы ақпан айында білім басқармасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Ертіс» телеарнасында «PARASAT TIME» атты жаңа жоба бастады. Жобаның бірінші эфирі Абай Құнанбайұлының қара сөзінен бастау алды.

Наурызда білім беру басқармасының ұйымдастыруымен республикалық «Абай оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты негізінде болған шараға жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерден 125 оқушы қатысты, оның ішінде 28 өзге ұлт өкілдері. Абайдың 175 жылдығына арналған «Абайдың қара сөздері» атты республикалық балалар суретінің қашықтықтан өткізілген байқауына Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің – ЮНЕСКО клубының оқушылары қатысты. Байқауға барлығы Қазақстанның барлық жас суретшілерінің суреттерімен 300-ге жуық өтінім келіп түсті. Абайдың қара сөзінің суретін түсіну және аудару қабілеті – бұл жеңімпаздарды таңдаудың негізгі өлшемі болды. Үздік қырық бес жұмысты, оның ішінде павлодарлық оқушылардың төрт жобасы іріктеп алынды.

«Павлодар техникалық сервис колледжі» базасында Абайдың 175 жылдығына арналған «Арттағыға сөзің мен ісің қалсын» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның мақсаты Абайдың әлемдік мәдениеттегі орны мен рөлін арттыру жас ұрпақтың рухани жаңғыруын талқылау бойынша диалогтық алаң құру болып табылады. Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен республикалық «Абай оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты негізінде болған шараға жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептердің талантты шәкірттері белсене қатысты. Оқушыларды дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Шығармашылық конкурстарға дайындық мәселелері» тақырыбында ұйымдастырылған әдістемелік семинарға 62 ұстаз шақырылған болатын. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың пәрменімен тамыз айының 10-ы «Абай күні» ретінде тәуелсіз еліміздің мемлекеттік күнтізбесіне енгізілгені баршаға белгілі. Осыған орай Ертіс-Баян өңірінің оқушылары Абай тұлғасын бейнелеуге бағытталған байқауда белсенділіктерін байқатты. 

Ботагөз Омырзаковна АБИЛЬЖАНОВА, 
Павлодар облысы білім беру басқармасының
Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий