Ресурстық орталықтар ауыл мектептеріне қолдау көрсетуде

Әрбір шағын жинақталған ауыл мектебіне ресурстық орталықтар аталатын базалық жалпы білім беру мектебі бекітілген. Мұндай қамқорлық өзінің тиімділігін дәлелдеді. Ресурстық орталық – бұл тірек мектеп, оның базасында шағын жинақталған мектеп оқушылары үшін ауыл оқушыларына сапалы білім беру мақсатында қысқа мерзімді сессиялық сабақтар, білім алушыларды аттестаттау шаралары ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Еліміздің түкпір-түкпірінен үздік ресурстық орталықтары былтыр қазан айында біздің облыстың орталығында ұйымдастырылған байқауда бас қосты. Республикалық деңгейдегі оқиға № 8 қалалық лицей алаңында өткен болатын. Байқау ел аумағындағы ресурстық орталықтардың үздік тәжірибесін жинақтауға және таратуға, ауыл мектептерінің білім сапасын арттыруға көмектесетін жаңа идеялар мен технологияларды іздеуге бағытталған еді. Осы шарада аймағымыздың намысын Шортанды ауданындағы Шортанды ауылының № 3 орта мектебі қорғап, республикадағы он облыстың қатысушылары арасында бірінші орынға ие болды.

Бұл білім шаңырағы 2011 жылдан бастап екі магниттік мектеп (Ключев және Новоселов) үшін тірек мектебі саналатын. Орталықты директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Ахметжанова басқарады. Жұмыс істеген жылдары орталықтың магниттік мектептерінің оқушылары түрлі облыстық және республикалық жобаларға қатысып, топжарды. Соңғы жетістіктердің бірі – республикадағы 2019-2020 оқу жылындағы үздік ресурстық орталық атағы. Биыл жергілікті ресурстық орталықтардың материалдық базасын нығайту мақсатында облыстық бюджеттен аудан әкімдіктеріне жаңа модификациялы кабинеттер мен тағы да басқа жаңа құрал жабдықтар қажетті қаражат бөлінді.

Атбасар ауданында ауылдық шағын жинақты мектептерді қолдау үшін (Адыр негізгі, Сепе және Есенгелді орта мектептері) үш магниттік мектепке арналған “Тірек мектеп – ресурстық орталық” білім беру кешені жұмыс істейді. Ресурстық орталық біліктілік кадрларына, заманауи оқу кабинеттеріне ие бола отырып, шағын жинақталған мектептердегі оқушылардың оқу сапасын арттыруға мүмкіндік береді. – Білім басқармасының ұсынысы бойынша аймақ жетекшісінің қолдауымен облыстық бюджеттен материалдық-техникалық мүмкіндікті жақсарту бағытында жаңа модификациядағы физика және химия кабинеттерін, көркем әдебиет пен робототехника элементтерімен қамтамасыз етудің мүмкіндіктерін қарастырғаны үшін алғысымыз шексіз, – дейді Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наталья Наймушина.

Ақкөл ауданындағы шағын жинақты мектептердің ресурстық орталығы Ақкөл қаласындағы Исаков атындағы № 1 орта мектебінде орналасқан. – Осы жылы біз 9 дана интерактивті тақта, «LEGO» робот құрастырушы жинағы, компьютерлік сынып, көркем әдебиет қоры сатып алдық. Қосымша алпыс парта жиынтығын алу көзделген, – дейді аудандық білім бөлімі ресми хабарламасында. Жалпы облыс аумағында соңғы тоғыз жылдың аралығында 57 магниттік мектеп үшін жиырма бір ресурстық орталық құрылды. Бұл білім ордаларында 444 шәкірт оқиды. Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында аймақта тағы бес ресурстық орталық ашу жоспарланған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий