5G-дің балаларға қандай пайдасы мен зияны барын білеміз бе?

Ұлы дала ұстазы Ыбырай Алтынсарин айтқандай: «Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызған» XXI ғасыр жетістіктері толастар емес. Соның бірі ақпарат ғасырының жаңа арнасы – 5G байланыс жүйесі. Енді ел аумағында тұрғындар осы жүйеге өтпек. Дегенмен, халық арасында әртүрлі алып-қашпа әңгіме тоқтар емес. Тіпті, әлеуметтік желілерде бұл байланыс жүйесі балаларға зиян екен деген хабарлама тарауда, – деп жазады жамбылдық газеттің сайты.

Жалпы әлемде әр он жыл сайын ұялы байланыстың жаңа буынын таныстыру үрдісі қалыптасқан. Ұялы желілердің алғашқы буыны 1980 жылдардың басында пайда болды. Он жылдан кейін әлемге жетілдірілген технологиялар — 2G таныстырылды. Ғасырлар тоғысында жаөандық желіні пайдаланушылар 3G жоғары жылдамдықты интернетіне қол жеткізді, ал 2009 жылы жоғары жылдамдықты интернеттің соңғы буыны енгізілді. Енді міне арада он жыл уақыт өткеннен кейін әлемде мүлдем жаңа 5G технологиялары қолжетімді болады. Бұл – мобильді байланыстың бесінші буыны, секундына гигабайтқа тең мәліметті жүктеуге мүмкіндік береді.

Швецияда қазір 15 Гбит/с жылдамдықпен ғаламтор қолдануға болады. Яғни бұл жылдамдық 4G-дің жылдамдығынан 40 есе көп. Ал Корея мұны 100 гегабайтқа дейін жеткізуді көздеп отыр. 5G қосылса, сигналдың берілу уақыты он есе азаймақ. Егер 4G-да деректер 10 миллисекундта берілсе, 5G-да бір миллисекундтың өзі жеткілікті. Ал 3G-да – 100 миллисекундта беріледі екен. Енді екі жылдан соң республика жұртшылығының 97 пайызын кең жолақты интернет желісімен қамту жоспарланған. Тұрғындардың қалған үш пайызы үшін жерсеріктік технологияны қолдану мүмкіндігі қамтамасыз етілмек. Өз кезегінде байланыстың бесінші буыны ғылым, медицина, ақпараттық технология саласында мол мүмкіндіктерге жол ашпақ. Атап айтқанда 5G жасанды интеллектінің артуына әсер етеді. Пилотсыз ұшатын аппараттардың пайда болуына, ақылды үйлер, роботталған транспорттар мен VR технологиясының қарқынды дамуына жол ашады.

Жасыратыны жоқ қазіргі 4G-дің аты болмаса, интернет баяу жұмыс істейтін жағдайлар кездеседі. Мамандардың айтуынша, 5G іске қосылуы бұл жағдайды өзгертеді. Енді жоғары жылдамдықтағы интернетке барлық адам қол жеткізе алады. Яғни 1 шаршы километр аумақтағы 4G қолданушылардың шекті саны 20 000 абонентке тең болады. Абонент саны бұдан асқан жағдайда интернеттің жылдамдығы төмендейді. Мұны әдетте адам көп жиналған іс-шараларда интернеттің жылдамдығының төмендеуінен байқай аламыз. Ал 5G болса тура сондай аумақта миллионға таяу абонент қосылса да жылдамдық кемімейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, ұялы телефон байланысы антенналар арқылы таратылатын радио толқындарының көмегімен жүзеге асады. Радиотолқындар — бұл электромагниттік өрістер, рентген немесе гамма сәулелену сияқты иондаушы сәулеленуден айырмашылығы, адам ағзасында химиялық байланыстарды бұзып, иондануды тудырмайды, демек, адамның ДНҚ-сына, балалардың денсаулығына да әсер етуі мүмкін емес. Сондықтан сала мамандары жаңа технологиялық жылдам байланыстың адам денсаулығына үлкен қауіп төндірмейтіндігін нық сеніммен мәлімдеп отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий