Балалар құқығы мен кәмелетке толмағандар ісі: Арнайы комиссияның мәртебесі мен үйлестірушілік рөлі

Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жаңа оқу жылы қарсаңындағы тамыз кеңесінің аясында «Балалар құқықтарының бұзылуын жою бойынша жедел ведомствоаралық шараларды қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мәртебесі мен үйлестіруші рөлін арттыру» тақырыбындағы республикалық семинар-кеңес ұйымдастырылған болатын.

ZOOM платформасы мен фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақша арқылы онлайн форматта өткізілген басқосуға Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, Білім және ғылым министрінің балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Раиса Шер, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев, облыс, қала және аудан әкімдерінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасарлары, кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшылары, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті директорларының орынбасарлары, білім басқармасы мен бөлімдерінің мамандары, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Шақырылғанғандардың құрамында ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ааружан Саин, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльмира Әзімова, «Nur Otan» партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің өкілдері, ҚР БП ҚҚОА, ВАК мүшелері( мемлекеттік органдар), ҮЕҰ өкілдері бар.

«Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Динара Закиева отбасын қолдау мен балалардың құқықтарын қорғауды жетілдіру бойынша жүйелі шараларды әзірлеу және енгізу туралы сөз сөйлесе, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін шешудегі Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиялардың функцияларын кеңейту мақсатында еліміздің қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізу жайын қозғады. ҚР Бас Прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау академиясының докторанты Самал Сахатова «Ювеналды әділет кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстылықтың алдын алу жүйесінде» тақырыбында ой-пікірін ортаға салды.

– Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы – елдегі әлеуметтік жағдайдың өзіндік көрсеткіші. Қылмыстың бұл түрі қоғамның жағдайына өте сезімтал. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуі, әдетте, қолайсыз әлеуметтік процестердің бар болуын көрсетеді. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықты талдауда зерттеуші және болжамды аспектілерінен басқа, тағы гуманитарлық бағыттың болуын айтып өткен жөн. Балалар ең аз қорғалған әлеуметтік топтардың қатарына кіреді. Қылмыстың алдын алу, одан қорғану, әлеуметтік топтарды «қылмыстық вирустың; зақымдануынан қорғау сияқты әсер ету бағыты кәмелетке толмағандарға: балалар мен жастарға қатысты өте маңызды. Өкінішке орай, халықтың осы бөлігінің қылмыстық зақымдану деңгейі жоғары деңгейде, – деді Самал Ерболатқызы.

Самал Сахатова өз сөзінде ювеналды әділет (лат. juvenālis – жас; лат. jūstitia – сот төрелігі) кәмелетке толмағандармен жасалған құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесінің батыс моделінің құқықтық негізі екендігіне тоқталып, елімізде ювеналды әділет институттың даму тарихы ғасырлар тоғысынан бастау алатындығын айрықша атап айтты. Бұл бала құқықтары жайлы халықаралық конвенцияларды Қазақстан Республикасымен ратификациялаумен сипатталады. Осылайша, халықаралық ұйымдар еліміз аталған конвенцияларға қосылғаннан кейін дайындаған есептерді зерделей отырып, олардың тарапынан бала құқықтарының қорғалуы, олардың арасында қылмыстылықтың алдын алу жұмыстары жайлы ұсынымдар жіберілген. Бұл республикамызбен ювеналды әділет орнатылуына үлкен жұмыстардың жүргізілуіне әсер еткен.

Осылайша соңғы он жылда елімізде ювеналды әділет интитутын құру мен оны дамытуда үздіксіз үрдістер жүргізілді. Қазіргі кезеңде аталған иститутты нығайту мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау үшін, соңғылармен құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын тиімді атқару үшін арнайы заңның қабылдануында ерекше қажеттілік туындағандығы анық. Бұл заң ювеналды әділет бастамалары туралы түсінікті, жалпы ювеналды әділет не екендігі туралы, оның жүйесіне кіретін мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың құзыреттілігін, өзара іс-қимыл жасаудың негізгі қағидаттарын заң жүзінде белгілейді. Сонымен қатар, бірде бір заңда көрсетілмеген кәмелетке толмағандардың жастық градациясын, «жасөспірім», «жеткіншек» сынды басқа да ұғымдарды бекітеді. Ювеналды әділет туралы заң кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауда негізгі құрал болатындығына және тиісті органдар мен мекемелердің үйлесімді жұмыс жасауының тетігі қалыптасарына сенеміз, – деді Самал Ерболатқызы.

Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы басқарма төрағасы Зүлфия Байсақова балалар мен жастарға арналған ұлттық телефон қызметі 150. Құқықтық қолдау, балалар құқықтарының бұзылуының алдын алу тақырыбында баяндама жасаса, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы Айна Мүсрәлімова осы аймақтағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жанындағы балалар құқықтарының бұзылуын жою бойынша жедел шаралар үшін мобильді топтардың жұмысы жайын жиналғандарға жеткізді. Тараз қаласы әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияның төрағасы Алмаз Садубаев кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшыларының жекелеген штаттық бірліктерін босату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын баяндады.

– Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету,кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Комиссия құрамында 16 мүше бар. Комиссия төрағасының орынбасары облыстық полиция департаментінің бірінші орынбасары Б.Ратаев. Комиссияның мәртебесін арттыру мақсатында, комиссия құрамына мемлекеттік мекемелердің тек бірінші басшылары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері енгізілген. Жалпы облыста он екі комиссия бар. Барлық аудандар әкімдерімен жыл басынан комиссиялардағы хатшылар бірліктерін басқа жүктемелерден босатылған, әкімдер аппараттарында штаттық бірліктердің болуын көздеп, артық бірліктерді жинақтап, арнайы мамандардың қызмет атқаруын жүйелендірдік. Бүгінгі күні, тек бір ауданда комиссия хатшысы жұмысын бас инспекторға жүктеп отыр. Бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда, – дейді Алмаз Қадірбекұлы.

Баяндамашының айтуынша осы орайда әрине, облыстық білім басқармасына комиссия қызметін жүктеуге болатын еді. Бірақ бұл ұстаным облыс әкімдігі ретінде қабылданған заңның орындалуын қамтамасыз етпей, осы бағыттағы жұмыстарды бақылаусыз қалдырылуы мүмкін еді. Екіншіден әкім аппаратында отырған қызметкердің бала құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы мол мүмкіндіктері ескеріліпті. КТІОҚҚ комиссиясы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк органдар мен мекемелердің қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ететiн тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы құрылым саналады. орган болып табылады. Сондықтан жалпы көрсетілетін қызметті үйлестіру, мемлекеттік органдармен тікелей байланыс жүргізу арқылы әр орын алған оқиғаларды зерделеп, баға берудің мүмкіндігі бар.

Республикалық деңгейдегі осы семинар кеңеске қатысушылар арнайы комиссия өкілеттіктерін заңнамалық бекіту, ведомствоаралық өзара іс-қимыл, балалар құқықтарының бұзылуы кезінде дағдарыстық жағдайларға мобильдік ден қою және тағы да басқа маңызды мәселелерді жан-жақты талқылаған соң қорытынды кезеңде бірнеше ұсыныстары барын мәлімдеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті: Балалардың қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету мақсатында дағдарыстық жағдайларға мобильді ден қою үшін кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құқықтық тетіктерін бекіту жұмысын жалғастыру. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялардың хатшылары, балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын мамандар үшін кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылықтың, суицидтің алдын алу мәселелері бойынша семинарлар өткізу жөніндегі жұмысты жалғастыру.

Екінші – облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктері: Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға арналған ұйымдарда қауіпсіздік шараларын сақтауды бақылауды тұрақты негізде жүзеге асыру. 2020 жылғы тамыз айының 25-іне дейінгі мерзімде облыстар, қалалар/аудандар әкімінің аппараттарында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысының жеке штат бірлігін бөлуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау. Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жанындағы мобильді топ жұмысының оң тәжірибесін балалар құқықтарының бұзылуын жою жөніндегі жедел шаралар үшін қолдану. Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша білім басқармалары жанынан колл-орталықтар ашу жөніндегі жұмысты жалғастыру. Үкіметтік емес ұйымдармен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру. Әлеуметтік желілердің сайттарында, беттерінде ақпаратты орналастыру арқылы комиссиялардың қызметі туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету бағыттарында.

Бүгінгі күні Комиссия алдында олардың жұмыс істеуіне байланысты кӛптеген проблемалар тұр, олардың түсінуі мен шешуіне олардың қызметінің тиімділігі тәуелді. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жӛніндегі комиссиялардың алдында қандай проблемалар бар екенін және оларды қалай шешуге болатынын түсіну және көру жеткілікті. Мұның бәрі кейіннен осы орган қызметінің заңнамалық негіздерін неғұрлым сауатты әзірлеу үшін қажет, – деп жазылған кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелікте. Бұл әдістемелік ұсынымдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жӛніндегі комиссияларда ақпараттық-талдау қызметін ұйымдастырудың жалпы тәсілдерінің сипаттамасын, сондай-ақ осындай жұмыстың нақты технологияларының сипаттамасын қамтиды.

Дайындаған Нұрлан САБЫРБАЙТЕГІ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий