Павлодарлық жас ақындардың ұлы Абай додасындағы жетістіктері

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы осы аптаның басында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІ республикалық «Абай оқуларын» ұйымдастырған болатын, – деп  хабарлайды «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының баспасөз қызметі. 

Пандемия кезеңінде білім беру мекемелерінде коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеуге байланысты биылғы байқаудың үміткеолері прокторинг және бейне конференциялық байланыс жүйелері (Exam.net, Google Meat немесе ZOOM платформалары) арқылы онлайн режимде қатысты. Сайыс алты бағытты құраған еді. “Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Ұлылар әлемі», «Абайдың қара сөздері» бағыттары –ZOOM платформасында. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Көңілім әнді ұғады», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағыттары бойынша оқушылардың алдын ала видеожазбалары республикалық ұйымдастыру комитетіне жіберілді.

Павлодар облысынан республикалық шараға облыстық кезеңінің жеңімпаздары қатысты. Республикалық Абай оқуларының қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған: Павлодар қаласы №25 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Мажитова Аделия – «Көңілім әнді ұғады» бағытында (мұғалімі Балкенов Ж.К.), Павлодар ауданы Чернорецк №1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ерболат Сұңқар –«Ұлылар әлемі» бағытында (мұғалімі Бейсекеева Г.С.); ІІ дәрежелі диплом иегері: Павлодар ауданы Ямышев орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ермекұлы Ернұр – «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағытында (мұғалімі – Төлеу К.). Ұйымдастыру комитеті жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлық табыстады: бірінші орынға – ұялы телефон, екінші қатарған көрінген үздікке – смарт-сағат, мәреге үшінші  жеткендер үшін – фитнес-браслет; арнайы аталым иегерлеріне – Абай шығармаларының 4 томдығы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий