НЗМ: Жаңа оқу жылы қашықтан басталады

Жаһандық пандемия жағдайында әлемдік білім беру кеңестігі жаңа оқу жылын онлайн-режимде бастайды. Қашықтықтан оқыту үшін қандай жағдайлар жасалуда, онлайн-уақытты тиімді пайдалану мақсатында неге назар аудару керек, қандай интернет-ресурстар көмекке келеді, оқу үрдісі қалай ұйымдастырылады – осының барлығы Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі осы күндері өтіп жатқан бағдарлау аптасында талқылануда, – деп хабарлайды Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.

Қашықтық сессиялар арнайы 7-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды. Олар биыл алғашқы жыл NIS бағдарламасы бойынша оқуды бастайды. Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бағдарлау апталығы аясында “Өркен” білім грантының иегерлері, жетінші сынып оқушылары барлық толғандыратын сұрақтарға толық жауап алды. Онлайн-форумды жоғары сынып оқушыларының білім орда жайлы дайындаған бейнеэкскурсиясы бастады.

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі биыл өзінің бес жылдығын атап өтуде. Экскурсия барысында мектеп тарихына үңіліп, оның қалыптасуындағы барлық кезеңдер, білім беру бағдарламалары, НЗМ-де іске асырылатын жобалар, барлық жылдардағы жетістіктер баяндалды, әр түрлі жылдардағы Зияткерлік мектеп түлектері бойынша толыққанды ақпарат берілді. Балалар мен ата-аналар қаланың тыныш ауданында орналасқан Зияткерлік мектепте оқу мен жан-жақты даму үшін барлық мүмкіндіктер жасалғанына, қажетті құралдармен жабдықталғанына көз жеткізді.

Бағдарлау апталығы аясында студенттер MS Office жалпы платформасына қосылуға мүмкіндік алды, онда әркім үшін жеке есептік жазба ашылды. Қызықты онлайн-ойындар форматында балалар сыныптастарымен кездесті, NIS білім беру бағдарламасының ерекшеліктері, бағалау жүйесі, онлайн-сабағы өту жөнінде толық түсініктеме, элективті курстар және жобалар жүйесімен танысты. Жетінші сынып оқушысы Арсен Омаровтың айтуынша, бағдарлау аптасының берген пайдасы зор болды.

– Егер осы уақытқа дейін қашықтықта оқу көп күмән тудырса, бағдарлау аптасы екі күнде көп мәселелердің басын шешіп, ұтымды ақпараттар беріліп, жаңа оқу жылына үлкен сенімдікпен кірісуге ықпал жасады, – деді ең жоғары ұпай жинаған «Өркен» грантының иегері.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий