БҒМ: Жаңа оқу жылындағы қашықтан білім берудің талаптары қатаң сақталуы тиіс

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы жақсы елді мекендердегі мектептерде мектепалды даярлық, 1-11 сынып оқушылары қалыпты режимде оқытылады. Санитарлық талаптар қатаң сақталады. Егер ата-аналар балаларын мектепке жібермеуді ұйғарса, онда мектеп балаларды қашықтан оқытады, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.



Қашықтан оқытуда қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары пайдаланылады: интернет-платформа, WhatsApp, компьютер, ноутбук, планшет. Мектепалды даярлық сыныптары, 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша мектепте кезекші сынып ашылады. Кезекші сыныпта 15 оқушыға дейін оқытылады. Әр кезекші сыныпқа бөлек мұғалім бекітіледі. Егер ата-аналар балаларын мектепке жібермеуді ұйғарса, онда мектеп балаларды қашықтан оқытады.

Арнайы мектеп-интернаттардағы ерекше білімді қажет ететін оқушылар ата-аналарының өтініші бойынша штаттық режимде оқи алады. Бұл ретте балалар интернатта тұрады және мектеп жабық режимде жұмыс жасайтын болады. Егер ата-аналар балаларын мектепке жібермеуді ұйғарса, онда мектеп балаларды қашықтан оқытады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий