Ақпарат және қоғамдық даму министрі жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева медиа саласы мамандарын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының ректорларымен онлайн-форматта “Қазақстан Республикасындағы журналистика деңгейі” тақырыбында кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды осы салалық құрылымның баспасөз қызметі. 

– Сонымен қатар жоғары оқу орындарындағы жас мамандарды нақты сала, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, экономика, қаржы, медицина, экология салалары және басқа да бағыттар бойынша дайындау ісіне көп сын айтылады. Бұл орайда министрлік медиа сала мамандарын дайындау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша арнайы жоба әзірлеп отыр. Мұнан бөлек білім беру жүйесінің білім беру деңгейі мен тиімділігін арттыру үшін жыл сайын студенттер арасында «Үміт» шығармашылық байқауын өткізу жоспарланып отыр, – деді Аида Ғалымқызы. Сала жетекшісінің мәлімдеуінше медиа сауаттылық мәселесі де бүгінгі күннің көкейтесті мәселесіне айналған.

– Себебі бүгінгі интернет заманы, түрлі әлеуметтік желілер көптеген жалған ақпараттың, зерттелмеген тақырыптың таралуына себеп болып жатады. Осы орайда еліміздегі жоғарғы оқу орындарында журналистика факультетінде «медиа және ақпараттық сауаттылық» пәнін енгізуді ұсынамын. Баспасөз қоғамның айнасы болса, журналист сол қоғамға ақпаратты жетізетін тұлға. Сондықтан қоғамның мәдениетін көтеріп, талғамын қалыптастыру, сауатын арттыру тілшілер қауымына артылатын сенім мен міндет десек артық айтқаным емес. Осы орайда біз бір келісімге келіп, оң нәтижелерге қол жеткізуге, бірге қызмет етуге алдағы уақытта да дайындыз, – деді министр.

Кездесу барысында кадрларды даярлау саласындағы проблемалық мәселелер, атап айтқанда, «Журналистика» мамандығы студенттерінің аналитикалық және практикалық дағдыларын дамыту, нарықты телерадио хабарларын тарату саласындағы мамандармен қамтамасыз ету және тағы да басқа маңызды мәселелерді жан-жақты талқыға салды. Кездесудің тікелей көрсетілімі осы министрліктің фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жүргізілгенін еске саламыз. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий