Ақмола облысы: Педагог қызметкерлердің тамыз кеңесінде мақсатты міндеттер айқындалды

Көкшетауда вймвқ басшысы Ермек Маржықпаевтың қатысуымен “Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері” Ақмола облысының педагог қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі онлайн режимінде ұйымдастырылды, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.


Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Е.Иманғалиев, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Бекмағамбетов, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы, аудандар мен Степногорск және Көкшетау қалалары әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасарлары мен бөлім басшылары, білім бөлімдерінің басшылары, аудандық (қалалық) әдістемелік қызметінің меңгерушілері, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының басшылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары, облыс мұғалімдері, әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты.


Тамыз мәслихатына жоғары оқу орындарының ректорлары, республикалық, облыстық мемлекеттік ұйымдардың басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлері, білім және ғылым кәсіподақ ұйымы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. – Осы кезеңде педагогтердің алдында оқытудың тиімді және қызықты процесін ұйымдастыру бойынша күрделі міндет тұр, балаларды қызықтыру және олардың уәждемесін арттыру, дербестік және өзін – өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту қажет, – деді облыс әкімі өзінің сөзінде. Пленарлық бөлімнің жұмысында мектепке дейінгі заманауи педагогтың кәсіби портреті, қашықтықтан оқыту-қосымша білім беруді дамытудың жаңа векторы, білім берудегі дәстүр мен жаңашылдық мәселелері қарастырылды.

– Аудан, қала әкімдері білім беру және денсаулық сақтау басқармаларымен, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесіп, білім беру нысандарындағы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелерін егжей – тегжейлі пысықтауы қажет, – деді Ермек Боранбайұлы. Сондай-ақ, аудан, қала әкімдеріне, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және байланыс, білім басқармаларына «Қазақтелеком» АҚ және ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, әкім елді мекендерді сапалы байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды, бұл ауыл оқушыларына қала мектептерімен қатар цифрлық білім беру ресурстарына тең қол жеткізуге мүмкіндік береді.


Пленарлық отырыста Германия елшілігінің өкілі – фрау Александра Смитс және Көкшетау қаласының № 17 орта мектеп-гимназиясының түлегі, UATL Еуропалық ғылыми-зерттеу университетінің қызметкері және IMMS Journal ғылыми-медициналық журналының тең құрылтайшысы және бас редакторы – Ажкен Бахтияр Талғатұлы мұғалімдер қауымын құттықтады. Ал білім беру саласының бағыттары бойынша тақырыптық алаңдар тамыз айының 17-21 күндері аралығында ұйымдастырылған болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий