Абай оқулары: Республикалық байқауда ақмолалық оқушылардың да мерейі үстем болды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының бастамашылдығымен ZOOM платформасы арқылы 8-11 оқушыларына арналған ХХІ республикалық Абай оқуларының онлайн режимде ұйымдастырылғаны белгілі, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 


Байқаудың негізгі мақсаты − қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларның классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, сонымен Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттық рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталған болатын. Абай оқуларындағы жеңістен үміткерлер төмендегідей алты номинацияда бақтарын сынады. «Өлең − сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы − Абай өлеңдерін жатқа оқу; «Абайдың қара сөздері» номинациясы − Абайдың қара сөздерін жатқа оқу; «Абай ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы − Ш.Құдайбердіұлы, А.Абайұлы, М.Абайұлы шығармаларын жатқа, мәнерлеп оқу. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы − Абай, Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы − өз шығармаларын мәнерлеп оқу; «Ұлылар әлемі» номинациясы − Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа эссе жазу. Абай оқуларына облыстық кезеңнен жүлделі орын алған еліміздің барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан 120 оқушы қатысты. Аталмыш байқауға біздің аймақтан алты шәкірт топқа түскен еді. Олар: «Өлең − сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Худайберген Саяжан − Степногорск қаласы, Степногор ауылы орта мектебінің 10 сынып оқушысы, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Батталова Мақпал – Аршалы ауданы, И.Құтпанұлы атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы, «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Жақсылық Дамир – Ерейментау ауданы, Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы, «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Мұрат Диана – Жарқайың ауданы, А.Үкібаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы, «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Малчыбай Айсұлу – Шортанды ауданы, Степной орта мектебінің 8 сынып оқушысы, «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Төлеу Елік – Бұланды ауданы, Елтай орта мектебінің 8 сынып оқушысы.

«Абай оқулары» байқауының қорытындысы нәтижесінде ІІІ дәрежелі дипломдармен Ақмола облысынан екі оқушы марапатталды:  Худайберген Саяжан − Степногорск қаласы, Степногор ауылы орта мектебінің 10 сынып оқушысы; Төлеу Елік – Бұланды ауданы, Елтай орта мектебінің 8 сынып оқушысы. “Қара сөздің шебері» номинациялық грамотамен Малчыбай Айсұлу – Шортанды ауданы, Степной орта мектебінің 8 сынып оқушысы марапатталды. Сонымен қатар, жүлдегерлерге «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының естелік сыйлықтар табысталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий