Асхат Аймағамбетов: Қашықтан оқыту бойынша екі негізгі бағытты ұстанамыз

Мектептерде қашықтан оқыту сегіз интернет платформада жүргізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ресми түрде мәлімдеді, – деп хабарлайды осы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

– Әрине, қашықтан оқыту бойынша екі негізгі бағыт бар. Бірінші бағыт – интернет арқылы оқыту. Интернет арқылы оқыту бойынша бізде арнайы бірнеше интернет платформа бар. Жалпы, өткен оқу жылының төртінші тоқсанында бізде екі негізгі 2 интернет платформа болса, осы уақытта оған тағы алты интернет платформа қосылып, жалпы саны сегізге жетті, – деді Асхат Қанатұлы. Еліміздің бас ұстазының айтуынша осы платформалардың ыңғайына байланысты, беріп отырған мүмкіндігіне байланысты мектептер, қалалық, аудандық білім бөлімдері шешім қабылдап, келісімшартқа қол қояды және сол платформамен жұмыс істейді. Екінші бағытта балаларға телеарналар арқылы сабақ беріледі. «Ел арна» және «Балапан» телеарналары телесабақтарға тәулігіне тоғыз сағатқа дейін эфир бөліп отырғаны белгілі болды. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий