БҒМ: Кезекші сыныпқа сабақ берген мұғалімге қашықтан оқыту мүмкіндігі беріледі

Кезекші сыныпқа сабақ берген мұғалімнің қашықтан оқытуға да құқығы беріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ресми түрде мәлімдеді, – деп хабарлайды осы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында министрге кезекші сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің қашықтан оқытуына тыйым салынып жатқандығы айтылған болатын. – Бұған жол беруге болмайды. Қашықтан оқытатын форматта да, кезекші топтарда да жұмыс істеуге мүмкіндігі бар педагогтердің сабақ беруге құқығы бар, – деді ол. Бас педагогтың айтуынша бұған дейін бастауыш сынып мұғалімдерінде бір ставкаға сағат жетпей қалу проблемасы болған. Мәселен, үлгілік оқу жоспарына сәйкес, бірінші сыныптарда аптасына 24 сағат беріледі. Алайда ағылшын тілі, дене шынықтыру сынды сабақтарды басқа мұғалімдердің беруіне байланысты бастауыш сынып ұстазының орташа жүктемесі 15-16 сағатты құрап, он сегіз сағатқа, бір ставкаға да жетпеген. Ал қазір жағдай өзгеріп отыр.

– Қазір біз сыныпты бөлетін боламыз. Айталық, сыныпта 30 оқушы бар. Бүгінгі жағдайда кезекші сыныпта оқыту барысында олар аталған сыныпты он бес баладан екі шағын топқа бөлуге міндетті. Соған орай педагогке жүктеме де артады. Дегенмен, педагог қосымша жұмысы үшін қосымша ақы да алады. Яғни, егер қазіргі уақытта онда 28 сағат болса, педагог барлық жиырма сегіз сағат үшін жалақы алады, – деді Асхат Қанатұлы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

БҒМ: Кезекші сыныпқа сабақ берген мұғалімге қашықтан оқыту мүмкіндігі беріледі

  1. Мұғалімнің жалақысы тарификация мен оқу жоспарына сәйкес төленеді. Мысалға оқу жұмыс жоспарында 3″сыныптың математика пәніне 5 сағат бөлінген. Сол 3-сыныпта 2 топ: 1 – қашықтықтан, 2- кезекшілік. Жалпы алғанда 10 сағат болады, екі есе көбейеді. Оқу жоспарында 5 сағат белгіленген, тарификация 5 сағатқа өтті делік. Тағы 5 сағатты қалай төлеу керек? Негіздемесі қандай?

  2. Екі мезгіл кезекші сыныпқа сабақ бердім.Тек 18сағатқа төленді .Бұл қалай?Кезекші сыныпта балаларды бөліп оқытсын деген бұйрық болады да жалақыны қалай есептеу керек екеніне бұйрық шықпай ма?

  3. Сәлеметсізбе,кезекші сыныпқа сабақ беріп жатырмыз.1топ онлайн оқуда 2 топ офлайн оқып жатыр.5сағ онлайн оқытып жатқанға қосымша ақша төлене ме,қандай құжат бар,5сағ ғана төленіп жатыр.

Добавить комментарий