Қашықтан оқыту: Жаңаша білім берудің ерекшелігі

Коронавирустық  инфекцеяның  таралуына  жол  бермеуге байланысты  каратиндік  шаралар  жағдайына  жаңа  2020 – 2021 оқу  жылында  оқыту  ерекшеліктері  бар  педагогтерді  хабардар етудің мәні зор. Жуырда қашықтан ұйымдастырылған педагогикалық  кеңесте  жаңа  оқу  форматына  сәйкес қашықтан оқыту  жүйесіне  байланысты  түсіндіру  мақсатында  жұмыстар жүргізілуі туралы мектеп басшысы Кусаинова Бахыткул Алтайқызы тұжырымдамаға сай мән-жайларды атап айтты.

Педагогикалық кеңес барысында қашықтан  оқыту және жұмыс істеу қағидаларымен таныстық. Мұғалімнің  жұмыс  орны  және ережелер,  техникалық  дайындық  қашықтан  жүргізілетін пән сабақтарын әзірлеу  алгоритмі,  жаңа жүймен білім беру барысында қолданылатын интернет платформаларды пайдалану мүмкіндіктері зерделенді. Жаңа  оқу  жылында  білім   алушыларды  бағалаудың ерекшеліктеріне де басымдық берілді. Оқушы  мен  мұғалім  және  ата – аналар  арасындағы бірегей байланысты бекемдеу бағытындағы маңызды мәселелер кеңінен қарастырылды.

Қашықтан  оқыту  процесін  санитарлық – эпидемиологиялық  ережелер  мен  санитарлық  нормалардың  талаптарын және  оқу  уақытын  ұтымды  үйлестіру қажеттілігі ескертілген басқосу шеңберінде синхронды  және  асинхронды форматта пікір алмасудың ерекшелігі екшеленді. Қашықтан оқу барысында мұғалімнің этикасы, сыртқы келбетіне баса назар аудару қажеттілігі де сұралатын болады.

Ақмарал ТЛЕУБЕРДИ,
№164 мектебі директорының ғылыми
әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары,
Алматы қаласының Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий