Математикалық пайымдау арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін дамыту

Білім беруді дамыту кезеңінде оқушылардың математика сабағындағы функционалдық сауаттылығын дамыту маңызды деп есептеймін. Бұл оқушылардың қоғамда, күнделікті өмірде және еңбек іс-әрекетінде жақсы қалыптасуына мүмкіндік береді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әр пәннің рөлі зор. Осы ретте, оқушыларға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде¸дүниеге көзқарастарын, мінез-құлық пен жалпы мәдениетті қалыптастыруда математика пәніндегі «пайымдау» дағдысын қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалануға болады.

Бұл дағды арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін және шығармашылығын дамытамыз, пәндік терминалогия қорын молайтамыз. Олай болса шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін сабақтарда оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды және әдістерді саралып, ыңғайластырған жөн. Пайымдау-ойлау процесінің жоғары сатысы. Ойдың ақиқатқа қарай ілгерілеуі білім шеңберінде тәжірибенің мәліметтері мен амалдарын жасайды, оларды қатаң тиянақталған ережелер бойынша реттейді. Оған қатаң анықтылық, бұлжымайтын шектеулермен схемаларға ойысу тән. Мұның өзі құбылыстарды дұрыс топтастыруға, білімдерді жүйелеуге мүмкіндік береді. Оның қолданысы төмендегі схема түрінде пайымдаудың түрлері арқылы жүзеге асады. Пайымдау дағдысы арқылы математика пәнінде белгілі бір үрдісті немесе заңдылыққа үңіліп, зейін қоя назар аудара отырып астарына үңілу. Пайымдаудың жақсы тұсы пәнге қатысты мәліметтерді түсінуге үлкен пайдасын тигізеді.

Пайымдау келген жерде жүзеге асуы мүмкін, яғни биология тілімен айтсақ ол ішкі импульс десек те болады. Пайымдауға үйрету үшін ең бірінші заңдылықтардың астарын көруге деген, адамда танымға деген құштарлық ояну керек. Танымға қазіргі уақыттағы кемшілік заманның ағымына сәйкес оқушыларды «Бұл маған не береді?» деген тұрғыдан қарап кетеді. Ал танымға деген құштарлықта «Бұл маған не береді?», «Бұның маған қандай пайдасы бар?» деген сұрақтар туындамауы қажет. Осы күнге дейін ашылған іргелі ғылымдардың танымға деген құштарлық арқылы туындады. Өйткені қолданбалы ғылым іргелі ғылым дамымай қолданбалы ғылым белгілі бір шеңберден аса алмай қалады. Пайымдау танымға деген құштарлықпен біте қайнасқан бірінсіз бірі болмайтын дүние екені хақ. Ал танымға құштарлық арқылы адам ерікті еріксіз пайымдауы мүмкін.

Білім нәтижесі ретінде қалыптасқан пайымдау дағдысы білім алу кезінде анықталатындығы көрсетілген. Ал пән бойынша пайымдау дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жан-жақты оқу әрекеттерін қалыптастырып, оқушының ой-өрісін одан әрі дамытуға негізделеді. Пайымдау дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды құрастырудың басты мақсаты – оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сол алған білімдерін өмірде қолдана алатын құзіреттілігі қалыптасқан жас ұрпақты тәрбиелеу. Оқушының сабақта өзіндік мәліметтерді жинақтап, белгілі бір уақытта білімдерін одан әрі дамытуға әрекет жасауы тек білу, түсіну ғана емес, сондай-ақ талдау, синтез, бағалау әрекеттерін жан-жақты қолдану арқылы көрініс табады.

Оқушы берілген мәліметтер ішінен өзіне қажетті ақпаратты өз бетімен анықтай алуға, орындалатын жұмыстың ішінен өздігінен мақсат қойып, таңдаған мәліметтерін негіздей алуы керек. Күтілетін нәтиже: білім алуда ақпарат көздерімен жұмыс жасауды қалыптастыру және дамыту; оқушының пәнге деген көзқарасы өзгереді, оқу материалын жақсы меңгеруге мүмкіндік алады. Оқушы бойында пайымдауарқылы келесідей түйінді құзіреттіліктердің болуы – заман талабы: басқарушылық (проблеманың туындауын шеше алу қабілеттілігі); ақпараттық (танымдық қабілетін қалыптастыруға бағытталған); коммуникативті (үш тұғырлы тіл арқылы ауызша, жазбаша коммуникациясы); жеке (өзіндік ұйымдастыру, білім жетілдіру, өмірлік және кәсіптік жолды анықтауға, толерантты болуға қабілеттілігі).

Пайымдау кез келген ұғымды анықтауға кез келген ойды дамытатын дәлелдейтін немесе жоққа шығаруға бағытталған. Логикалық тұрғыдан ойлау дәйекті түрде баяндалған тақырып бойынша қорытындылар тізбегі. Ақылдасқан мәселе – бұл басқа біреулердің алдында болуға тиіс етіп, бір-біріне еріп жүрген шешімдер сериясы және нәтижесінде сұраққа жауап береміз. Мәтінді ойлау барлық фукционалды сауаттылықты арттырады. Осылайша белгілі бір тұжырымдаманың өзі қандайда бір түр айырмашылықтарын ажырататын пән ерекшеліктеріне нұсқайды. Пайымдауда көптеген аргументтерді салыстыру әдістерін қолдану арқылы жасауға болады. Бірақ кез келген жағдайда мәтінді негіздеу барысында дәлелдемелердің жүйесімен түсіндірме дәлелдеу немесе кез келген ойды жоққа шығару керек.

Пайымдау бірнеше назар аударған процестерді, соның ішінде ескерту, шешім қабылдау, айқындау процестерін қарастыратын зерттеулерден алынады. Сонымен, пайымдау дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар оқушының ынтасын жоғарылатудың бірден бір әдісі. Біріншіден, оқушы тапсырманы орындау кезінде өзінің бағытын, көзқарасын қалыптастырады; екіншіден, оқытылатын материалдар қосымша қызмет жағдайларын білу мен қолдануға мүмкіндік береді.

Замира Жүрсінбекқызы ЖҰМАНБАЕВА,
Алматы қаласындағы химия биология
бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің
математика пәні мұғалімі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий