“Jigsaw” әдісін ағылшын тілі сабағында қолдану жайы

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың интербелсенділігінің төмен екендігін байқап, сыныпта көптеген зерттеулер жүргіздім. Солардың ішінде оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын арттыруда «Jigsaw» (немесе «Зигзаг») әдісін қолдану өте тимді екен. «Jigsaw» әдісін 1971 жылы американдық профессор Эллиот Аронсон әзірлеген, оның ерекшелігі топпен жұмыс жасау, бірлесіп оқытуды ұйымдастыру. Сабақта «Jigsaw» әдісін қолдану оқушыларды ынтымақ пен бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді.

Алған білімдерін бірлескен және жеке іс-әрекетте қолдануды, тәуелсіз сыни ойлауды ғана емес, сонымен бірге қарым-қатынас мәдениетін дамытуды қамтамасыз етеді. Ағылшын тілі сабағында «Jigsaw reading» тәсілін үлкен көлемді мәтінді зерттеу және жүйелеуде қолданған тиімді. Мұны істеу үшін алдымен оқылатын мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу қажет. Мәтіннің бөліктерінің саны топ мүшелерінің санына сәйкес келуі керек. «Jigsaw reading» тәсілімен жұмыс істеу реті: топ 1, 2, 3, 4 (немесе A, B, C, D) топтарға бөлінеді. Оны «Homegroup» («үй топтары») деп аталады. Homegroup Homegroup Homegroup;  мұғалім оқушыларды мәтін тақырыбымен таныстырады және мәтін бөліктерін мұқият түсініп оқу керек екенін айтады; мәтін бөліктерге бөлінеді. Ал бірдей санды қатысушылар «Expert group» («сарапшылар тобына») жиналады. Expert group Expert group Expert group Expert group.

«Expert group» яғни сарапшылар тобы берілген мәтіннің бөлігін мұқият оқып, зерттейді. Өзара талқылайды. Қатысушылар«Home group» яғни үй топтарына қайтып оралады. Оқушылар бір-біріне өздері зерттеген мәтін бөлігін түсіндіріп, мазмұндап береді. Мысалы, 1-ші нөмірлі оқушы өзі оқыған мәтін бөлігін мазмұндайды, дәл солай 2-ші, 3-ші, 4-ші оқушылар айтып береді. Нәтижесінде топ мәтінді тұтасымен түсіне алады. Мұғалім мәтінге қатысты сұрақтар қойып,әртүрлі тапсырмалар береді. Осы арқылы топ мүшелерінің тек өздері оқыған бөлігі ғана емес, тұтас мәтінді түсінгендігі тексеріледі. Сабақ беретін сыныптарымда «Jigsaw reading» тәсілін әр тараудың мәтіндеріне қолданамын. Өте жеңіл, тиімді әрі нәтижелі тәсіл. Себебі осы тәсіл арқылы ағылшын тілін үйренуде  негізгі төрт дағдыны да қамтуға болады.

Оқылым (reading), айтылым (speaking) тыңдалым (listening) дағдылары мәтінді оқып, бір-біріне түсіндіргенде, ал жазылым (writing) мәтінге қатысты тапсырма орындағанда. Сондай-ақ, бұл әдіс оқушылардың мәтінді басқа оқушылармен бірлесіп талдау, топта зерттеу жүргізу, ақпаратты басқа оқушыға жеңіл түсіндіру, тапсырманы өзара тексеру,  сыни тұрғыдан ойлау және қарым-қатынас дағдыларын дамытады. Осылайша оқушылар мұғалімнен дайын білімді алып қана қоймай, өзара пікір алмасу арқылы білімдерін жетілдіреді. Яғни, материалды игеру интербелсенді түрде өтеді.

Гүлнура  Ғалымқызы ЗАРЛЫҚОВА,
№74 мектеп-гимназиясының 
ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий