Өнер пәні: Өнім дизайны бойынша ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын қолданудың ерекшеліктері

Біздің мектебіміз химия биология бағытындағы мектеп болғандықтан, өнер пәні сабағын өткізу барысында оқушыларымыздың ақпараттық коммуникация технологиялары құралдарын өте жақсы дәрежеде қолдану мүмкіндіктері бар. Қазіргі заманауи оқу үдерісінде басты мақсатта интернет желісімен жұмыс жасау, ондағы әртүрлі платформаларды меңгеру әр оқушы мен мұғалімнің өз өміріндегі пайдалы құралы деп айтуға болады. Енді осы платформалар немесе бағдарламаларды сабақта қалай қолдануға болады және ол платформалардың пайдасы мен зияны туралы айтқым келеді. Жалпы өзім өнер сабағын өткізу барысында оқушыларды ең бірінші қоршаған ортаға деген көзқарасы арқылы өзінің  қол ұшын беретіндей оқушыға айналдырамыз. Сабақта өткен тақырыптарды тек күнделікті қарапайым өткінші зат ретінде қарамай, оның өз өмірінде керек дүние екенін ұғындырамыз. 

Бізде өнер пәні жалпы барлық пәндермен өте тығыз байланыста өтеді. Мысалы: информатика пәні автоматты күнделікті сабақ жоспарлаудан бастап, бейнероликтер, тағы да интернет желісі бойынша пайдаланылатын ресурстармен байланысты. Өнер пәнін информатика пәнімен егіз сабақ ретінде қарастыруымызға болады. Химия, биология, география, өзін-өзі тану, тарих, физика, математика, дене тәрбиесі пәндерімен кіріктірілген сабақ ретінде өткіземіз. Өнер пәнінде 8-сыныпта «Өнім дизайны» бөлімі «Жоба құру, олардың жобалау ерекшелігі мен жұмыс жоспарын жазу» және АКТ құралдарын қолдану тақырыбына сабақ жоспарын құрғанда, бірінші сабақ мақсаттарын таныстырамыз. (8.1.9.1 бұйымды үлгілеу және жасау бойынша алға қойылған  мақсаттарға жету үшін ұсынылған тапсырмаларды орындауда меңгерілген білімді, түсінікті, жаңа көзқарастарды шығармашылықпен қолданады және оларға өзгерістер енгізеді; 8.1.4.1 идеяларды дамыту және жұмысты жоспарлау үшін өз бетінше таңдалған визуалды және аудиолық мәліметтердің коллекцияларын пайдаланады).

Осы тақырып бойынша 8-сынып оқушылары үстел ойыны түрлерін әзірлейді. Әзірлеу барысында мен оларға ойынның түрлерін таныстыру мен қатар, ол ойынның жас ерекшеліктеріне сай болуы, қандай материалдармен бояп, кесіп, құрастыру жолдарын үйретемін. Және де өздері жасайтын ойынның тарихын зерттейді. Сабақ бойынша жетістік критерийлері: ойлап тапқан ойын жас ерекшелігімен ерекшеленеді; өз ойынын құрастыру үшін қандай құрал-жабдық керек екенін біледі. Енді осы сабақ бойынша Даниал атты оқушым қарапайым қағаз, қатты пластикалық материалдардан бөлек, өзінің ойынын сабақ барысында Unity бағдарламасымен жасап қарады. Бұл 3d форматта жазықтық бетіне көлемді заттарды анық, көлеңке-жарықтармен орындайтын визуалды графикалық бағдарлама.

Осы бағдарлама арқылы «Урдың патшалық ойыны» атты ойынды кезеңдермен ойнайтын етіп, барлық жас ерекшеліктерге арналған және өзге де шығып жатқан адам мінез-құлқына зиянын тигізетін ойындарға қарсы мақсатта жасады. Жалпы бұл оқушының ойлау дағдысы, қиялы, визуалды көруі ерекше дамып келеді. Болашақта АКТ құралдарымен бағдарламаларды пайдаланумен қатар, осындай ойындарды онлайн түрде ортада жүзеге асырып, өзінің сүйікті мамандығы ретінде қабылдайтынын айтты. Өнер пәніне оқушыны қызықтыру үшін осындай болашақ мамандарды қарапайым сабақ өткізу арқылы баулуға болады.

Данияр Төлеуішұлы ҰЛЖАҒАЛИЕВ,
химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебінің
өнер пәні мұғалімі, Атырау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий