Маңғыстау облысы: Білім беру ұйымдары қашықтан оқытуға дайын

Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында ұйымдастырылған брифингте аймақ жетекшісі Бақытжан Қашақов пен облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев биылғы жаңа оқу жылының дайындық барысын баяндап берді, – деп хабарлайды білім басқармасының баспасөз қызметі.

Облыс әкімі орынбасарының мәлімдеуінше жаңа оқу жылының қарсаңында 1860 орындық 3 мемлекеттік мектеп (Мұнайлы ауданы, Батыр ауылында 960 орындық, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында 600 орындық, Қарақия ауданы, Жетібай ауылында 300 орындық бастауыш мектеп); 934 орындық 4 жекеменшік мектеп (Ақтау қаласында-3, Мұнайлы ауданында – 1) іске қосылады. Жыл соңына дейін Ақтау қаласындағы 34 ш/а 1200 орындық, Шығыс-1 ш/а 300 орындық  мектеп пайдалануға беріледі. Осылайша биыл барлығы  9 мектеп іске қосылады.

Мектептердегі жөндеу жұмыстары. Оқу жылына дайындық барысында 93 мектепте  ағымдағы жөндеу жұмыстары  жүргізілді. Бүгінгі күні 91 мектепте жұмыстар аяқталды. Екі мектептегі жұмыстар 20 қыркүйекке дейін аяқталады (Жармыш о/м, Т. Жалғасбаев ат. Шайыр о/м). Оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы аясында: 300 орындық 1 мектептің құрылысы салынуда, жыл соңына дейін аяқталады; 3 мектепке қосымша құрылыс салыып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі; 21 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды; 4 колледждің ғимараты мен 2 колледжің жатақханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді; «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің 2 жатақханасына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды; мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп интернаттың жан-жағын аббаттандыру жұмыстары аяқталды; облыстық №2 арнайы мектептің ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізілді; үш мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар: Ақтау қаласындағы 2 мектептегі жұмыстар (№28 о/м мен 15 ш/а IT мектеп-лицей) 30 қыркүйекте және Түпқараған ауданындағы Е. Өмірбаев ат. о/м  7 қыркүйекте аяқталады.

Әжетханалар мен бейнебақылау жүйелерін жаңарту. Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 53 мектептің сыртқы әжетханаларын ішке орнату және 94 мектептегі бейнебақылау жүйелерін жаңарту және жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақстатарға жергілікті бюджеттен 312 млн. тг. қаржы бөлінді. 27 тамыздағы жағдайға әжетханаларды орнату жұмыстары жоспарланған мектептердің 94% (50 мектепте), бейнебақылау жүйелерін орнату жұмыстары  мектептердің 97%  (91 мектепте) аяқталды. Әжетханалар Маңғыстау ауданының 2 мектебі (Жармыш о/м, Т. Жалғасбаев ат. Шайыр о/м) мен Түпқараған ауданының Е. Өмірбаев о/м жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен бірге аяқталады. Бейнебақылау Жаңаөзен қаласында 2 мектепте (№5 гимназия мен мектеп лицей) кәсіпкерлер тарапынан шағымдар болуына байланысты кешікті, қазіргі кезде қайта порталға салынды 28 тамызда ашылады, қыркүйектің соңына дейін жасалады. Түпқараған Е.Өмірбаев мектебіне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен бірге аяқталады.

Елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету. Оқушыларды қашықтықтан оқыту барысында елді мекендердегі интернет жылдамдығына талдау жүргізілді. Осылайша, Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарындағы, Жаңаөзен қаласының ауылдық жерлеріндегі, облыс орталығынан шалғайда орналасқан 17 елді мекендегі және интернет жылдамдығының төмендігі анықталды. Осы орайда интернетпен қамтудың іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Жоспар аясында тиісті басқармалар, ауыл, аудан, қала әкімдіктері өз аумақтарында ұялы байланыс операторларымен, телекоммуникациялық компанияларымен келіссөздер жүргізіп,  тиісті жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар интернет желілері мүлде қолжетімсіз аймақтарда тұратын 14 244 отбасыларға жергілікті бюджет есебінен БИЛАЙН, КСЕЛЛ, АЛТЕЛ ұялы байланыс операторларының  14 244 модем-роутері сатып алынуда. Бұл үшін 233,9 млн.теңге қаржы бөлінді.  Жалпы облыс бойынша жаңа оқу жылына дайындық барысы облыс әкімдігі тарапынан күнделікті бақылауда. Тиісті қаржы көздері қарастырылып, аудан, қала әкімдіктеріне нақты тапсырмалар берілді. Жаңа оқу жылында оқушыларымыз алаңсыз білім алуы үшін барлық жағдай жасалуда. 

Облыстық білім басқармасы басшысының айтуынша бүгінгі таңда 309  балабақшаның 45% – нан (142 балабақша) 379  кезекші топ ашылды, оған 4484 бала барып отыр, ол жалпы контингенттің 12,5% құрайды. Топтар ата-аналардың сұранысына қарай санитарлық талаптарды сақтай отырып (1 топта 15 бала, аулада қабылдау, күнделікті дезинфекциялау және т.б.) ашылуда. Жалпы барлық балабақша қызметкерлеріне жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында жалақылары толық көлемде төленіп келеді.

Орта білім беру. 1 қыркүйектен бастап 141 мектепке 160 630 оқушы келеді деп күтілуде. 1 сыныптарға 19 мың оқушы келеді. 28.08.2020 жағдайға ата аналардан 18452 өтініш қабылданды. Оқулықтармен қамтамасыз ету. 2020 жылға мектептерді оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 2 012,0 млн. тг. қаржы бөлінді. 1-10 сынып оқушыларына қосымша, 11 сыныптарға толықтай жаңа бағдарламаға сәйкес басылып шығатын оқулықтар және 1 сыныптарға жұмыс дәптерлері барлығы 1 128 638 дана оқулық сатып алынды. Бүгінде барлық оқулықтар 100% мектептерге жеткізіліп, оқушыларға таратылуда. 1 – ші сынып оқушылары толық жұмыс дәптерлерімен қамтамасыз етіледі.

Жаңа оқу жылында ата-аналардың көптеген өтініштерін есепке ала отырып ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес мектептерден бірінші сыныптардың оқушыларына арнап кезекші сыныптар ашылады. Кезекші сыныптардың қызметі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Оқушылар кезекші сыныптарға ата-аналардың өтініші арқылы  қабылданады. Ата-аналар балаларды кезекші сыныптарда оқуға жіберу арқылы балалардың қоғамдық ортада болатындығына және коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі бар екендігіне түсініктері мен келісімдерін білдіреді. Балалардың ата-аналары балаларды санитариялық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етеді: маскалар, қолғаптар, қолды өңдеуге арналған жеке құтыдағы антисептик немесе бактерияға қарсы дымқыл майлықтар. 

Ата-аналар балаларды мектептің сыртқы есіктеріне дейін алып жүреді  және оқу күні аяқталғаннан кейін мектептің сыртқы есіктерінен үйге дейін алып кетеді. Мектеп дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіледі. Мектепте кабинеттік жүйе болмайды, «бір сынып –  бір кабинет» бойынша оқытылады. Мектеп асханалары / буфеттері жұмыс істемейді. Кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне қойылатын талаптар: сыныптың толымдылығы –  15 баладан артық емес; сабақтың ұзақтығы –  40 минут; 1-сыныпта-сатылы режим; маскаларды кию режимін қамтамасыз ету; оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру; білім алушыларға жеке парта және орындық бекітілген; білім алушы жеке оқу материалдарын (оқулықтар, дәптерлер, кеңсе заттары және т. б.) пайдаланады; әр сабақтан кейін кабинеттерді желдету, кварцтау; әр сабақтан кейін қолды жуу және арнайы құралдарды қолдану. Әрбір сынып-комплектіге бір мұғалім бекітіледі.

Кезекші сыныпта сабақтарды мектеп әкімшілігі бекіткен бастауыш сынып мұғалімі жүргізеді. Қашықтан оқыту форматындағы білім алушылардың сабақтарын басқа мұғалім ұйымдастырады. Кезекші сыныптарда оқытуды ұйымдастыру кезінде тәуекел тобына жататын педагогтар алынбайды. Мұғалімдерге кабинеттерде жүруге, мұғалімге баруға, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады. Барлық жедел кеңестер қашықтан өткізіледі. Бұл жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен тиісті қаржы көздері қарастырылды. Ал, басқа сыныптардың оқушылары толықтай қашықтықтан оқытылады. Ол үшін оларды компьютерлік құрылғыларға қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Қашықтықтан оқыту үшін мектеп оқушыларына 35829 дана компьютер қажет.  

Жергілікті бюджеттен Ақтау, Жаңаөзен қалаларының мектептеріне жан басын шаққандағы қаржыландыру аясындағы бөлінген қаржыға 1402 дана компьютер сатып алу процедуралары жүргізілуде.  Қазіргі кезде 145 данасы алынды. Мектептердегі тамақтандыру, коммуналдық қызметтер, іссапар және т.б. шығындардан үнемделген қаржыға 6698 дана компьютер құрылғылары сатып алынады. Бұл компьютерледі сатып алу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталады. Қазіргі кезде 635 данасы сатып алынды. Аз қамтылған отбасылардың оқушыларына республикалық бюджеттен  (2346 компьютер, 17 156 ноутбук, 3039 планшет) 22541 дана жабдық сатып алуға 3 490 986 980 тг. қаржы бөлінді. 2346 дана компьютер және 17 156 дана ноутбук пен 3 039 дана планшеттер арнайы бекітлген кесте бойынша 1 қыркүйектен 15 қыркүйекке дейін сатып алынады. Қазір келісім-шарт жасақталды. Сонымен қатар  «Шлюмберже» компаниясы демеушілік есебінен 24 ноутбук алып берді.

Облыс бойынша 81 мектеп «Bilim Land», 58 мектеп «Daryn Online», 2 мектеп «EduPage»  цифрлы білім беру платформаларымен жұмыс жасау үшін 66 мектеп келісім шартқа отырды, 74 мектеп кепілдеме арқылы енгізді. Карантиндік шаралар жеңілдетіліп, мектептер дәстүрлі форматта мектептерінде оқуға көшкен жағдайда да оларға қауіпсіз,  қолайлы ортада білім алуына  барлық жағдай жасалады. Сонымен қатар колледждерді де материалдық-техникалық базамен жарақтандыру мақсатында «Жас маман» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қазір конкурс рәсімдері жүргізілуде. Жыл соңына дейін бес колледж толықтай заманауи жабдықтармен жабдықталатын болады. Биыл барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарына қабылдау электрондық үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылып жатыр. Ата-ана үйде отырып баратын білім беру ұйымына электронды құжат тапсыра алады.

                       

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий