“Оқушы кітапшасы” жарық көрді: Санжар, Әлия және Артем 7-сынып оқушыларын Назарбаев Зияткерлік мектептерімен таныстырады

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жаңа оқушыларын бағдарлау апталығында Санжар, Әлия және Артем қарсы алды. Олардың барлығы NIS-те оқуды бастайтындарға арналған анықтамалықтың кейіпкерлері. Бұл жас зияткерлерге арналған «Оқушы кітапшасы» деп аталатын қысқаша анықтамалық, – деп хабарлайды “Назарбаев зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметі.

Біздің үлкен және тату отбасымызға қош келдіңіздер! Жетінші сынып оқушыларын құттықтау сөзінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова шақырады. Санжар, Әлия және Артем достарына көптеген қажетті ақпараттарды дайындады: мектептегі ішкі ережелер және тәртіп, жатақханада тұру ережелері, тамақтану және салауатты өмір салты ережелері, пайдалы сілтемелер мен байланыстар. Олар жаңа оқушылар арасында ең танымал сұрақтарға жауап берді. Мектеп туралы ақпаратты қайдан табуға болады? Сыныптастармен қалай танысуға және достасуға болады? Көмекке кімге жүгінуге болады? Эмоциялармен қалай күресуге болады?

Зияткерлік мектептерге оқуға түсушілер әрқашан «Шаңырақ» дегеніміз не, критериалды бағалау және элективті курстар, ең бастысы –  бәріне қалай үлгеруге және ешнәрсені жіберіп алмауға болатынына қызығушылық танытады. Барлық жауаптар Санжар, Әлия және Артемнің тәжірибелері негізінде дайындалған, олар өздері бастан өткерген қиын жағдайлар туралы  да шынайы айтады. «Оқушы кітапшасы» балалардың Зияткерлік мектеп оқушылары ретіндегі  алғашқы аптасы  –  NIS желісінде жақсы дәстүрге айналған бағдарлау аптасындағы басты сыйлық болды. Жетінші сынып оқушыларының ата-аналары үшін НЗМ ересектеріне арналған да  анықтамалық дайындалған, онда мектептің білім беру моделі мен тәрбиелеу жүйесі, бағалау жүйесінің құрылымы және ата-аналармен ынтымақтастық туралы егжей-тегжейлі баяндалған.

Жетінші сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған кітаптар Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының игілігін қамтамасыз ету Департаменті бастамасымен дайындалған. Анықтамалықты ДББҰ басқарма төрайымының орынбасары Ольга Можаеваның жалпы редакторлығымен NIS баспа үйі жарыққа шығарды. Санжар, Әлия және Артёммен бірге құрамында Динара Уалкенова, Әлия Абкенова, Жанат Аманова, Жанат Алтаев, Аида Ағаділ, Жанар Акижанова және Фариза Хамзалар бар авторлық топ жұмыс істеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий