Біліктілік курстары: Қашықтан оқыту заманауи қадам

Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Қашықтан оқытуды үйренемін» онлайн курсы бес (қашықтан оқытудың ерекшеліктері, оқуға қатыстыру, АКТ құралдары, кәсіби ынтымақтастық және ата-аналарды педагогикалық қолдау) модуль бойынша ұйымдастырылғаны барлық әріптестерімізге белгілі.

Басты мақсат ұстаздардың қашықтан оқыту форматында оқу үдерісін жүргізу дағдыларын жетілдіруге бағытталған болатын. Әр модуль бірнеше тақырыптан құралған. Олардың әрқайсысы оқу материалдарын, материалдардың мазмұнын тексеруге арналған тапсырмаларды, практикалық дағдыларды жетілдіруге арналған тапсырмаларды, пайдалы ресурстарды жүктеп алуға арналған сілтемелерді қамтиды.  Әлемнің әр түкпіріндегі мектеп оқушылары мұражайлар мен ірі компаниялардың кеңселеріне қашықтан сабаққа қатысып, виртуалды экскурсиялар ұйымдастырып жатқанда, біздің өңірдің мұғалімдері бұл бағалы бастаманы әрі қарай дамыту арқылы виртуалды білім беру құзыреттіліктерін қалыптастыруға кірісті. Мектеп оқушыларына арналған қашықтан оқыту бірқатар басқа да сипаттамаларға ие. Және орта білім алудың басқа әдістерінен ерекшелегі бар. Білім беру үдерісінің негізгі бөлігі мұғалім мен оқушының тікелей өзара әрекеттесуін қажет етпейді.

Ақпарат алмасудың басым құралдарын қолдану арқылы нтерактивті өзара әрекеттесуге негізделген. Әрі тұрақты да эпизодтық емес. Жұмыс өнімділігі үшін үлкен жауапкершілік оқушылардың өздеріне жүктеледі. Алғашында қашықтан орта білім беру мәжбүрлі шара ретінде қабылданғаны анық. Уақыт өте келе бұл жаңа жүйе әртүрлі жастағы оқушылар арасында кеңінен танылды. Оқытудың әдістемесі мен тәсілдерін, сондай-ақ білім беру үдерісіне мемлекет енгізген түрлі инновацияларды белсенді дамыту дәуірінде әр мұғалім  заманауи талаптарға сай болуы қажет. Сонымен қатар үнемі кәсіби біліктілігін жетілдіруге мүдделі. Онлайн курстың басты артықшылығы – бұл материалдық және уақыт шығындарын үнемдеу ғана емес, әсіресе жас мамандар арасында ойлау дербестігі мен жауапкершілікті арттыратындығымен маңызды. Мектептегі қашықтан оқытудың қиындықтары да аз емес екенін аймақтағы әріптестер түсінеді.

Айталық оқушыға ұсынылатын мәліметті өздігінен түсінуін талап етеді. Дәстүрлі оқыту түріне қарағанда мұғалім үшін үлкен еңбек шығыны бар. Әрі мүмкіндіктердің шектеулігі қолбайлау. Ақпаратты ұсыну алгоритмі алдын-ала ойластырылған, қатаң кесте және басқалар. Қорытындылай келе айтқанда, қашықтан оқытудың қиындықтары мен кедергілерін еңсерген облыс ұстаздары өздерін кәсіби маман ретінде жан-жақты дәлелдеуге ұмтылуда. Осы орайда біліктілікті арттыру курстарын пән мұғалімдердің шығармашылық ізденіске бастайтын биік белес санайды.

Гүлмира Болатқызы ЕСМАҚАЕВА,
№21 мектебінің тарих және география
пәндері мұғалімі
, Павлодар қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий