Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан биылғы түлектер мен кезекші қызметкерлердің заңсыз әрекеттері әшкереленді (бейне жазба)

Конституция күніне сәйкес келіп, мереке күні 97 балаға арналған жақсы жаңалық! ҰБТ бейне жазбаларының қорытындысы бойынша 158 тестіленушінің нәтижелері жойылды. Олардың 97-сі грант иегері атанған болатын (соның ішінде 138 балл алған түлек те бар), – деп жазады ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының жетекшісі Дидар Смағұлов фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Соған орай әділ тапсырған, бірақ грантқа өтпеген 97 бала екі апта ішінде грант иегерлері атанып, тіркелетін болады. Толығырақ ҰТО парақшасында жариялайтын боламыз. Өкінішке орай, тәртіпті қамтамасыз ететін кезекшінің өзі қылмыстық әрекетке байланысы бар екені туралы фактілер анықталды. Қараңыздаршы, қандай “батырлықпен” сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы денесімен жауып тұрғанын. Кем дегенде оның білім беру саласынан жұмыстан босатылуын, ал одан бетер шара ретінде қатал жауапкершілікке тартылуын талап ететін боламыз. Алға, әділ Қазақстан!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий