Асхат Аймағамбетов: Біздің міндетіміз – дайын нәрселерді көру ғана емес, әріптестерімізбен сөйлесіп, қандай қиындықтар бары мен не көмек керектігін білу

Мереке алдында 434 мың компьютер болған еді, қазір олар таратылды. Ертеңге дейін (кеше, бүгін тағы да қосымша компьютерлер келді) балаларға 500 мың компьютер тарату міндеті тұр. Бұл – өте үлкен жұмыс, – деді Асхат Аймағамбетов елордададағы №73 мектеп-лицейінде кездесуде. – Сонымен бірге, биыл 11 сынып оқушыларына жаңа оқулықтар беріледі. Жалпы, оқулықтар бойынша біздің әріптестеріміз, білім басқармалары, педагогтар, мектеп директорлары үлкен жұмыс атқарды. Еңбек демалысына қарамастан мұғалімдер жұмыс істеді, дайындалды.

– Біз кейбір есептік деректерге, қағаздағы дайын ақпаратқа қарап отырған жоқпыз. Өзіміз шығып, мектептерге барамыз. Бізде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі департаменттер бар, олар да барып тексереді. Саяси партияларымыз бен қоғамдық бірлестіктеріміз белсенді қатысуда. Жалпы мониторинг жүріп жатыр және мектептерді тиісті жағдаймен қамту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Осы мектептен кейін мен тағы бірнеше мектепке барамын. Біздің міндетіміз – дайын нәрселерді көру ғана емес, әріптестерімізбен сөйлесіп, қандай қиындықтар бар екенін, қандай көмек керектігін білу, – деді ведомство басшысы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий